×

Қазақстанда мобильді аударым мәселесі қайта қаралады

Қазір Үкімет түрлі режимдерді қарастырып жатыр

Қазақстанда мобильді аударым мәселесі қайта қаралады
Фото: ашық дереккөзден

Мобильді аударым сол күйі қалады, бірақ оның өлшемшарттары мен тетіктері қайта қаралады. Бұл туралы Үкімет мүшелері мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, мобильді аударымдарды тексеру мәселесі қайта қаралады.

«Бұл – өте сезімтал мәселе. Сондықтан маған оны тағы бір рет қарау туралы тапсырма берілген. Біз қаржылық-экономикалық блоктың ішінде бұл мәселені қарастырамыз. Өлшемшарттарын, тетіктерін әлі де егжей-тегжейлі қараймыз. Бұл сұраққа қайта ораламыз», – деді ол.

Қаржы министрі Мәди Тәкиев мобильді аударымдарды тексеру қалатынын атап өтті.

«Мобильді аударымдар қалады, бірақ әлі қараймыз. Жеке кәсіпкерді қалай анықтайсыз? Тағы да айтайын, біз – құқықтық мемлекетпіз. Әділетті мемлекетпіз, дұрыс па? Сіз бен біз осы заңның сақталуын қарауымыз керек. Біреулер төлейді, біреулер төлемейді. Әділдік болу керек. Яғни, бәрі салық төлеу керек. Бірақ әркімнің өз мөлшері болатыны түсінікті», – дейді ол.

Оның айтуынша, қазір Үкімет түрлі режимдерді қарастырып жатыр.

Бұған дейін жеке шоттарына ай сайын қатарынан үш ай бойы 100 және одан да көп адамнан мобильді аударым түскен тұлғалар бақылауға алынатыны хабарланған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады
15.11.2024ж. 11:55

Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады

Монеталар Астана халықаралық биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатылады
KEGOC басқармасы 5 адамнан, ал директорлар кеңесі 7 адамнан тұрады
Бұл бизнесті жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі беріледі
Олар тұрғындарды шетелде жаңа пәтер мен көлік сатып алуға қызықтырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →