×

АҚШ-тағы ірі технологиялық конференцияға қатысқан Михаил Ломтадзе әрбір қазақстандыққа алғыс айтты

Media and Telecom, Morgan Stanley Technology конференциясы 30 жылдам астам өткізіліп келеді

АҚШ-тағы ірі технологиялық конференцияға қатысқан Михаил Ломтадзе әрбір қазақстандыққа алғыс айтты
Михаил Ломтадзе. Фото: Kaspi.kz

Михаил Ломтадзе АҚШ-тағы Сан-Францискода өткен Media and Telecom, Morgan Stanlеy Technology конференциясында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы туралы, реформалар мен инновациялар туралы айтып берді. Конференцияда сондай-ақ Илон Маск, Microsoft, Google, Netflix және әлемнің басқа да жетекші компанияларының өкілдері сөз сөйледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстанның халықаралық конференцияларда жеткен жетістіктерімен әрдайым зор мақтанышпен бөлісіп отырамын. Еліміздегі цифрландыру және инновациялар нәтижесі көптеген елдер үшін еліктеуге лайық үлгі болып отыр. Бұл Қазақстанның және жалпы өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жағымды әсер етеді. Жетекші халықаралық инвесторлар мен технологиялық компаниялар Kaspi.kz-тің және еліміздегі инновацияның дамуын ерекше қызығушылықпен жіті бақылап отыр. Әр қазақстандыққа мың алғыс. Бірлесіп жұмсаған күш-жігеріміздің арқасында біз Қазақстанды инновациялардың әлемдік картасына қойып, тарихты жасаймыз. Әлемдік деңгейдегі сервистер жасауға шабыт бергендеріңіз үшін сіздердің әрқайсыңызға рақмет», – деді Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.

Media and Telecom, Morgan Stanley Technology конференциясы 30 жылдам астам өткізіліп келеді. Жыл сайын ол бүкіл әлемдегі жетекші технологиялық компаниялар мен инвесторлар үшін елеулі оқиға болып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кәсіпкер Әсем Ғалымқызы: Құрақ көрпемен әлем нарығын жаулаймыз
23.04.2024ж. 13:33

Кәсіпкер Әсем Ғалымқызы: Құрақ көрпемен әлем нарығын жаулаймыз

Әсем құрақ құрап қана қоймай, жамылғы мен махаббат көрпесін тігудің тың техникаларын жете меңгереді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →