×

Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы Бақыт Ибрагим өз-өзіне қол жұмсады

Бақыт Ибрагим бастапқыда сегіз жылға бас бостандығынан айырылған, бірақ апелляциялық сот оның мерзімін жеті жылға дейін қысқартқан

Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы Бақыт Ибрагим өз-өзіне қол жұмсады
Фото: рolisia.kz

Бірнеше жыл Қазақстан премьер-министрі болған Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызының бұрынғы күйеу баласы Бақыт Ибрагим өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды журналист Михаил Козачковқа сілтеме жасап Qaz365.kz.

«Алматыда экс-премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы, кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлі күйінде табылды деген ақпарат келіп түсті. Алдын ала нұсқасы - суицид. «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді Михаил Козачков.

Осыған қатысты полиция пікір білдірді.

«Осы факті бойынша өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды, мән-жай анықталуда», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2020 жылы Ибрагим Жомарт Ертаевпен бірге RBK Bank-те қаржы жымқырды деп танылып сотталған. Ал былтыр күзде босатылған болатын.

Бақыт Ибрагим бастапқыда сегіз жылға бас бостандығынан айырылған, бірақ апелляциялық сот оның мерзімін жеті жылға дейін қысқартқан.
Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Бақыт Ибрагимнің жаза мерзімін толығымен өтегенін, оның тергеу изоляторында болған мерзімі ескерілгенін хабарлаған.

Кәсіпкердің жеке өміріне қатсты мәліметтер аз. БАҚ оның әйелі Меруерт Ибрагим жайлы жазады. Меруерт Ибрагим – Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызы. Ол Buro24/7 басылымының басшысы. Кей мәліметтеге сүйенсек, Сағынтаевтың қызы екі баланың анасы. Екеуі кейін ажырасқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Halyk Көмек: қайырымдылық марафонынан жиналған қаражатқа жаңа инклюзия кабинеттері ашылады
04.05.2026ж. 17:44

Halyk Көмек: қайырымдылық марафонынан жиналған қаражатқа жаңа инклюзия кабинеттері ашылады

Charity Samruk Marathon–нан жиналған қаражат инклюзивті білім беру инфрақұрылымын құруға жұмсалатын болады
Эяль Эльбоим, Swiss Capital: «Біз өсімді бақылап қана қоймай, оны басқарамыз»
Бір жыл ішінде Банк нарықтағы өз позициясын нығайтып, актив, кредиттік портфель және депозиттік база бойынша нарықтық үлесті 10 % ке арттырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →