×

Қазақстанда жұбайының рұқсатынсыз азаматтарға несие алуға тыйым салынбақ

Жұбайының келісімінсіз жеке тұлғаларға несие беруге тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда жұбайының рұқсатынсыз азаматтарға несие алуға тыйым салынбақ
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда жұбайының келісімінсіз жеке тұлғаларға несие беруге тыйым салу ұсынылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов несие беру заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қарастыру барысында айтты.

“Қазақстан азаматтарының көбінің қарыз алу себебі – құмар ойынға тәуелділік. Адамдар казиноларға бәс тігіп, табыс табуға бейім. Кейбір жағдайда олар банк несиелерін де пайдаланады. Ерлі-зайыптының бірі несие алады да, болашақта бұл несие отбасылық бюджетке ауыртпалық түсіретін жағдайлар бар”, – деді Нұрлан Әбдірахманов.

Оның айтуынша, мұндай қажетсіз несиелердің санын азайту үшін жұбайының келісімімен жеке тұлғаға банктік несие беру талабы қолдау табуда.

“Агенттік ережелерінде жұбайының келісімін алу қажет несиенің ең төменгі сомасын анықтау ұсынылады”, – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

Әділет министрлігі мен Мәжіліс депутаттары банктер мен микроқаржы ұйымдарының қарыз алушыға жұбайының жазбаша келісімімен ғана несие беруі керектігі туралы бұл ұсынысты бірауыздан қолдап отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кәсіпкер Әсем Ғалымқызы: Құрақ көрпемен әлем нарығын жаулаймыз
23.04.2024ж. 13:33

Кәсіпкер Әсем Ғалымқызы: Құрақ көрпемен әлем нарығын жаулаймыз

Әсем құрақ құрап қана қоймай, жамылғы мен махаббат көрпесін тігудің тың техникаларын жете меңгереді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →