×

Қазақстанда жаңа банк пайда болады

Президент мәдени-гуманитарлық байланысты күшейтуге де баса назар аударылғанын айтты

Қазақстанда жаңа банк пайда болады
Фото: BNK Finance Kazakhstan

Еліміздегі корейлік BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымы банкке айналмақ. Бұл туралы Ақордада Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльмен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгін банктік қадағалау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Жаңа құжат арқылы инвестициялар қауіпсіздігін бақылаудың тәртібі реттелмек. Елімізде корейлік BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымы бар. Мен оны екінші деңгейдегі банкке айналдыру туралы шешімді қолдаймын», – деді Мемлекет басшысы.

Президент екі ел арасындағы ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық та ұдайы нығайтылып келе жатқанын айтты.

«Қазіргі таңда Кореяның жоғары оқу орындарында мыңнан астам қазақ жастары білім алып жатыр. Өздеріңізге мәлім, Қазақстан техникалық мамандар даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Бұған кореялық әріптестеріміз қолдау көрсетіп отыр. Елдеріміз ғылым және технология саласындағы ынтымақтастықты дамыта түсуге келісті. Осыған орай Түркістанда Кореяның Woosong университетінің филиалы ашу мәселесі пысықталады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мәдени-гуманитарлық байланысты күшейтуге де баса назар аударылғанын айтты.

«Қазақстанда тұрып жатқан корей диаспорасының өз тілін сақтап, дамытуына қолдау көрсетіледі. Осы мақсатпен екі ел аумағында тұрақты түрде мәдени шаралар өткізуге уағдаластық. Қазіргі таңда Қазақстан азаматтары Кореяға 30 күнге дейін визасыз бара алады. Таяу арада Астана-Сеул бағытында тікелей рейс ашылады. Әуе рейстерінің ұлғаюы екі ел арасындағы байланысты нығайта түсетіндігі сөзсіз», – деді Мемлекет басшысы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады
15.11.2024ж. 11:55

Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады

Монеталар Астана халықаралық биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатылады
KEGOC басқармасы 5 адамнан, ал директорлар кеңесі 7 адамнан тұрады
Бұл бизнесті жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі беріледі
Олар тұрғындарды шетелде жаңа пәтер мен көлік сатып алуға қызықтырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →