×

Қолөнершілердің халықаралық форумы 2022

Форумға Еуропа, Орталық Азия елдерінен келген шеберлер және Қазақстанның түпкір-түпкірінен 150-ден астам қолөнерші қатысады

Қолөнершілердің халықаралық форумы 2022
Atameken.kz

13-15 қазан аралығында Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінде  қолөнершілердің халықаралық форумы өтеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі qaztourism.kz сайтына сілтеме жасап.

Форумға Еуропа, Орталық Азия елдерінен келген шеберлер және Қазақстанның түпкір-түпкірінен 150-ден астам қолөнерші қатысады.Іс-шара дәстүрлі қолөнерді сақтау және оны одан әрі дамыту, мұраны жандандыру және танымал ету, сондай-ақ дәстүрлі қолөнердің заманауи интерпретацияларын және халықтық қолданбалы өнер мен басқа да креативті индустрияның колоборациясын құруға бағытталған өңірлік бастамаларды біріктіру мақсатында өткізіледі.

Форумға мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Әсия Ақанова, «Атамекен» ҰКП Президиумының мүшесі, Туристік сала комитетінің Төрағасы Юлия Якупбаева, Қазақстанның Алматыдағы АҚШ Бас консулы Кэролайн Сэвидж, Қолөнер, Harper's Bazaar и Vogue журналисті және редакторы, қолөнер, дизайн және өмір салты бойынша маман Эчавария Марселла, ҚР Қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлова, «Aigul line» брендінің негізін қалаушы, Qazaq-Oner» Ұлттық Ассоциациясы» Президенті Айгүл Жансерикова, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, «Baqytty otbasy» орталығының директоры Ырза Тұрсынзада, Арт-менеджер, дәстүрлі табиғи ішектер шебері Бабыр Арғынов, Born Nomad директоры Айка Әлемі, Алтын адам қауымдастығының жетекшісі Динара Бакирова және басқа да шеберлер мен қонақтар қатысады.

Сондай-ақ, форум аясында 14-15 қазанда Қазақстандық өнімдер жәрмеңкесі, шеберлік сыныптары, семинарлар, “Korpe Fest” және “BORN NOMAD POWER AWARDS 2022” байқауының қорытындысы шығарылады.

Халықаралық форум аясында өтетін отандық қолөнершілердің жәрмеңкесінде керамика, киіз, тоқыма, зергерлік өнер, жібек шаруашылығы және басқа да қолөнер түрлерінің өнімдері ұсынылады.

Сондай-ақ, тәжірибе алмасу үшін қолөнершілер пікірталас сессияларын өткізеді:

1. Қазақстанда қолөнер бизнесін дамыту;

2. Қазақстанда қолөнершілікті дамыту жолдары мен мүмкіндіктері;

3. Қолөнер индустриясы, бизнес, экономика;

4. Қолөнер тұрақты даму ретінде.

Іс-шара дәстүрлі қолөнерді сақтау және оны одан әрі дамыту, мұраны жандандыру және танымал ету, сондай-ақ дәстүрлі қолөнердің заманауи интерпретацияларын және халықтық қолданбалы өнер мен басқа да шығармашылық индустриялардың колоборациясын құру бойынша түрлі аймақтық бастамаларды біріктіру мақсатында өткізіледі.

Анықтама: “BORN NOMAD POWER AWARDS 2022” –  бұл халықтық-қолданбалы өнер шеберлеріне, қолөнершілер мен креативті индустрия өкілдеріне өздерін танытуға, идеяларды коммерцияландыру, қазақстандық және экспорттық нарықтарда өнімді жылжыту ілгерлету дағдыларды алуға, сондай-ақ қазылар алқасы мүшелерінің, қолөнер, дизайн, сән, туризм және креативті индустриялар кәсіпқойлары, сарапшылар мен инсайдерлерінің құнды кеңестерін алуға мүмкіндік беретін байқау.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жиһанкездің жолы
Бүгін, 13:39

Жиһанкездің жолы

Ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен сұхбат
Бұған дейін әншілерден ең көп қаржыны Димаш Құдайберген аударған еді
Танымал күйші-композитор қайтыс болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →