×

Жанар Айжанова Оңтүстік Кореядағы кинофестивальде "Үздік әйел рөліне" ұсынылды

Кинофестивальде 71 елдің өкілдері 242 фильм көрсетті

Жанар Айжанова Оңтүстік Кореядағы кинофестивальде "Үздік әйел рөліне"  ұсынылды
Жанар Айжанова мен Пак Ын Бин

Қазақстандық актриса Азиядағы ең беделді киносыйлыққа алғаш рет ұсынылды, деп хабарлайды  qaz365.kz тілшісі “24 Хабар”-ға сілтеме жасап.

Жанар Айжанова 27-ші Пусан кинофестивалінде үздік әйел рөліне үміткерлердің бестігіне енді. Тағы бір қазақстандық Дарина Манапова басқа режиссерлермен бірге Кореяда жаңа фильм түсіріп жатыр. 5-14 қазан аралығында Кореяның екінші үлкен қаласы – Пусан Азия киносының астанасы болады. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен ең әйгілі актерлер мен режиссерлер келеді. Биылғы жылы халықаралық кинофестивальде 71 елдің өкілдері 242 фильм көрсетеді.

“Пусан халықаралық кинофестивалі соңғы үш жылда алғаш рет оффлайн режимде өтті. Көрермендерге залдағы барлық орындарға отыруға рұқсат етілді. Бірақ маска кию міндеттелді. Соңғы тәулікте Кореяда 20 мыңға жуық коронавирус инфекциясы анықталды”, – дейді Владислав Цой.

Жанар Айжанова өмірінде алғаш рет қызыл кілемнен жүріп өтті. Танымал әнші халықаралық кинофестивальге Азиядағы үздік кино актрисаларының бірі ретінде шақырылды. Оның «Аппақ келін» телехикаясындағы шеберлігі қазылар алқасына ұнады. Ал басқа 4 үміткермен бірге «Үздік әйел рөлі» номинациясына енді. Сыйлық 30 жастағы корейлік кино жұлдызы Пак Ын Бинге «Ерекше заңгер» драмасындағы рөлі үшін берілді. Бірақ мұндай беделді кинофестивальге қатысудың өзі жеңіс, деп есептейді Жанар Айжанова.

“Мен киноға жақында ғана келдім. Арада 10 жыл да өтпеді. 6-7 жылдың ішінде менің көзге түсіп, үздік актрисалардың қатарына қосыламын деп армандаған емеспін. Жетістіктерім қайталанып, жастармен бәсекелесіп, фестивальдерде жүлделі орындардан көріне беруімізге тілектеспін. Мен актерлік мансабымды әрі қарай жалғастыруға ниеттімін. Бірақ музыкадан кетпеймін”, –  деді Жанар Айжанова.

Әнші  қазіргі таңда Алматыдағы халық музыкалық аспаптары мұражайында жұмыс істеп жатыр.

“Мен мұражайдың басты амбассадорымын. Әр жексенбі сайын ол жақта жастарды өнерге қызықтыру үшін домбыра тартамын”, – деді әнші, актриса Жанар Айжанова.

Кинофестивальге режиссер Дарина Манапова да қатысуда. Оның фильмі фестивальде көрсетілді. Даринаның картиналары бұрыннан белгілі болғанымен, Пусан киноакадемиясына қатысып оқуы – жаңа жетістіктерге қол жеткізуіне көмектескен.

“Сіз мұнда бір командада 10 адам, 4 режиссер, 10 күн бойы бір қысқаметражды фильм түсіріп шығу керексіз. Оның алдында бір айлық өндіріс алдындағы дайындық бар. Бұл, шын мәнінде, бірегей бағдарлама. Өйткені, менің ойымша, Азияда мұндай оқыту жүйесінің аналогы жоқ. Ал кері байланыс алып, бізбен күнде сөйлесетін жоғары білікті мамандар мен тәлімгерлер бар. Бұл сирек кездеседі. Бірде-бір кинофестиваль біздің актерлер мен режиссерлерсіз өтпейді. Фархат Шәріповтың «Схема» фильмі Пусандағы ең үздік азиялық фильм атағына таласып жатыр Бұл зор жетістік”, – деді режиссер Дарина Манапова.

Қазір әрбір шығармашыл қазақстандықтың өзін көрсетуге мүмкіндігі бар. Жақында Алматы мен Пусан арасында арнайы меморандумға қол қойылды. Оның бір тармағы контент жасаудағы екі ел арасындағы ынтымақтастық ты қалыптастырады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →