×

V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қазақстанда өтеді

Мыңжылдықтардың мұрасына ие, көшпелі дала салтын ұлықтайтын бұл дүбірлі дода 2024-жылы өтеді

 

V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қазақстанда өтеді
Gov.kz

2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Мәдениет және спорт министрлігі делегациясы IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін Түркияға арнайы барып, ақжолтай жаңалықпен оралып отыр. Сапар барысындағы өзекті мәселелердің бірі – Қазақстанда V Ойындарды өткізу жөніндегі келіссөздер болатын. Нәтижесінде, Түркияның Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоглу кеше салтанатты түрде аталған ауқымды шараның эстафетасын елімізге табыс етті", ‒ деді сүйінші сұрап министр.

Возможно, это изображение 2 человека, люди стоят и в помещении

"Енді есми түрде Қазақстан – 2024 жылғы 5-ші Дүниежүзі көшпенділер ойындарын өткізуші мемлекет ретінде белгіленді. Бұл – айтарлықтай қуаныш, әрі аса жауапты жұмыс. Мыңжылдықтардың мұрасына ие, көшпелі дала салтын ұлықтаған ел ретінде бұл дүбірлі доданы жоғары деңгейде өткіземіз деп сенемін. Кеше Түркия төрінде ел намысын қорғап, ерекше нәтиже көрсеткен барлық жеңімпазды тағы да шын жүректен құттықтаймын!", ‒ деді ерекше лебізбен  Дәурен Абаев.

Возможно, это изображение 1 человек и на открытом воздухе

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →