×

«Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық сыйлығының иегерлері белгілі болды

 Номинациясы бойынша жеңімпаздар екі кезеңдік дауыс беру арқылы анықталған

«Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық сыйлығының иегерлері белгілі болды
Сурет: коллаж/Qaz365.kz

Қазақстандағы «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық сыйлық биыл 14-ші рет табысталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі lubimec.kz- сілтеме жасап.

Салтанатты шараның негізгі он номинациясы бойынша жеңімпаздар екі кезеңдік дауыс беру арқылы анықталды. Бірінші кезеңде Facebook әлеуметтік желісінде іріктеу жүргізілсе, екінші кезеңде әр номинациядан төрт финалист іріктеліп, жеңімпаздар анықталған.

Негізгі номинациялар бойынша жеңімпаздар

  • Жылдың үздік мұғалімі – Серік Ниязов, Қызылорда облысы Қармақшы ауданының №80 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі.
  • Жылдың үздік дәрігері – Медет Маханбет, отоларинголог дәрігер, Қазақстанда алғаш рет ортаңғы құлаққа эндоскопиялық трансканалдық операция жасаған маман.
  • Жылдың үздік спортшысы – Елдос Сметов, дзюдошы, Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, Рио-2016 Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2015 жылғы әлем чемпионы.
  • Жылдың үздік тележүргізушісі – Мөлдір Доспаева, «Хабар» арнасының жаңалықтар жүргізушісі.
  • Жыл ғалымы – Мақсат Жабағин, PhD, Ұлттық биотехнология орталығының адам генетикасы зертханасының меңгерушісі (жаңа номинация).
  • Жылдың үздік қоғам қайраткері – Майра Әбенова, «Полигон 21» ҚБ атқарушы директоры.
  • Жылдың үздік парламентариі – Асхат Аймағамбетов, ҚР Мәжіліс депутаты.
  • Жылдың үздік саясаттанушысы – Ғазиз Әбішев, телебағдарламалардың жүргізушісі, ҚР Парламентінің Қоғамдық палатасының мүшесі.
  • Жыл мәдениет қайраткері – Димаш Құдайберген, танымал қазақстандық әнші (төртінші рет лауреат атанды).
  • Жылдың үздік параспортшысы – Ақмарал Науатбек, дзюдошы, Парижде өткен 2024 жылғы Паралимпиада чемпионы (жаңа номинация).

Сыйлықтың құрметті номинациялары бойынша шешімді марапаттау Академиясы қабылдайды. Биыл «Алтын дәуір» номинациясы еліміздің белгілі спорт қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ельсияр Қанағатовқа бұйырды. Ал «Табысты даму» номинациясы танымал балалар арнасы «Balapan»-ға берілді.

Академия құрамында Мұрат Әбенов, Майра Айсина, Айгүл Соловьева, Ирина Смирнова, Ирак Елекеев, Абзал Құспан, Серік Сейдуманов, Қуаныш Ерғалиев және басқа да танымал қазақстандықтар бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тар қапаста туған туынды: 70 жастағы сотталған Абайдың портретін салды
03.06.2025ж. 09:31

Тар қапаста туған туынды: 70 жастағы сотталған Абайдың портретін салды

Өнер туындысын сотталушы мұражай қорына сыйға тартқан
Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4 млрд 300 млн теңге қаржы бөлінді.
Кітапта Қытайдың мемлекеттік басқару үлгісі мен жаһандық даму мәселелеріне қатысты Си Цзиньпиннің негізгі ой-пікірлері жинақталған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →