×

9 ғасырдың куәсі болған тарихи «Ақбикеш» мұнарасы құлады

12-13 ғасырларда тұрғызылған мұнара Түркістан облысы, Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылында орналасқан

9 ғасырдың куәсі болған тарихи «Ақбикеш» мұнарасы құлады

Қаратаудың етегіндегі Ақсүмбе ауылының нышаны, киесі саналатын қастерлі мұра «Ақбикеш» мұнарасы құлады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

“Қолда бар тарихи ескерткіштен айырылдық.  12-13 ғасырларда тұрғызылған «Ақбикеш» мұнарасы құлады. Дабыл қақтық, ешкім құлақ аспады. Жауын-шашын тимеу үшін төбесін жабу керек дедік. Олай істемеді, төбеден жауған жаңбыр, қар суы дуал-қабырғасына кеулеп кіріп, ескерткішті құлатты. Енді міне, ішіндегі ескерткіш дуалдары да қирады.  Түркістан облысы, Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылындағы «Ақбикеш» мұнарасына жөндеу жұмыстарын Қазқайтажаңарту РМК РГП Казреставрация мекемесі жасаған «Ақбикеш» мұнарасы тікелей мемлекет қарауында болғандықтан бұл жазбаның Созақ аудандық әкімдігіне түк қатысы жоқ”, –  дейді Жылбек Керімбек есімді ұстаз әлеуметтік желіде.

 

Айта кетейік, Тарихи деректерде Ақбикеш мұна­расын ХІІІ ғасырда Дешті-Қыпшақ  тайпасы қарауыл мұнарасы ретінде салынғаны жазылған. Мұнара биік жерде таудың төмен қабатында орналас­қан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тар қапаста туған туынды: 70 жастағы сотталған Абайдың портретін салды
03.06.2025ж. 09:31

Тар қапаста туған туынды: 70 жастағы сотталған Абайдың портретін салды

Өнер туындысын сотталушы мұражай қорына сыйға тартқан
Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4 млрд 300 млн теңге қаржы бөлінді.
Кітапта Қытайдың мемлекеттік басқару үлгісі мен жаһандық даму мәселелеріне қатысты Си Цзиньпиннің негізгі ой-пікірлері жинақталған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →