×

Тоқаев Қарақат Әбілдинаны жоғары наградамен марапаттады

Тоқаев Қарақат Әбілдинаны жоғары наградамен марапаттады
Фото: instagram.com/karakat_a/

Бүгін, 7 наурызда қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі бірқатар танымал адамдар «Парасат» орденімен марапатталды. Олардың арасында еліміздегі танымал әншілердің бірі Қарақат Әбілдина да бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президент жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Сондай-ақ парламент сенатының депутаты, журналист, тележүргізуші Бибігүл Жексенбай, мәжіліс депутаты Айгүл Құспан «Парасат» орденінің иегері атанды.

Осы орденмен Абай облысындағы Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әншісі-әртісі Гүлдана Ноғайбаева марапатталды.

Толық тізім мынандай:

Бауыржан Момышұлы атындағы ІI дәрежелі «Айбын» орденімен

Айтмағамбетова Жұлдыз Рахымқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің аға инспекторы

Ахметова Айман Рахмеджанқызы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі

Әбуева Анаргүл Аманжолқызы – Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент бастығы

Канкина Құралай Темірболатқызы – Бас Прокурордың аға көмекшісі

Мұсатаева Балжан Төлеужанқызы – Қорғаныс министрлігі 44013 әскери бөлімінің взвод командирі;

«Парасат» орденімен

Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы – «Қарақат» мектеп-студиясының бас директоры, Астана қаласы

Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – Парламент Сенатының депутаты

Құспан Айгүл Сайфоллақызы – Парламент Мәжілісінің депутаты

Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы – Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы» КМҚК

әншісі-әртісі;

«Құрмет» орденімен

Абиева Раиса Леонидовна – «Абиев А.А.» ШҚ басшысы, Жетісу облысы

Ағыбаева Раиса Мұхамедиқызы – Астана қаласының ардагерлер кеңесі медиатобының төрағасы

Айтбаева Шолпан Сашкенқызы – еңбек ардагері, Астана қаласы

Әбдірайымова Тілеукүл Шайымқызы – Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы «Шу» өндірістік бөлімшесінің инженері

Әбенова Күлпаш Қайроллақызы – Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК жұмысқа тартылатын бағалаушысы

Әзімқұлова Әділет Срадинқызы – еңбек ардагері, Түркістан облысы

Гияги Роза Римовна – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Арыс жол дистанциясының диспетчері, Түркістан облысы

Егізбаева Сәуле Әбутәліпқызы – «М. Шоқай атындағы № 187 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі (IT мектеп-лицейі)» КММ мұғалімі, Қызылорда облысы

Елеуова Қаракөз Темірбекқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы

Земляная Людмила Дмитриевна – «Жер су» ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысы

Кәпенова Гүлмира Амангелдіқызы – «BESTKZ.KST» ЖШС басшысы, Қостанай қаласы

Қанапина Гүлнар Бекежанқызы – «Қазақстан Алюминийі» АҚ гидрометаллургы-аппаратшысы, Павлодар облысы

Қараева Бибігүл Атшыбайқызы – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 14 жалпы білім беретін мектеп» КММ мұғалімі

Құрманғалиева Бикеш Қайдарқызы – «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС бас директоры

Молдашева Бағдашжан Қадыржанқызы – «Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі» МКҚК директоры, Ақтөбе облысы

Одинцова Маргарита Владимировна – Жоғарғы Соттың судьясы

Сағынтаева Аида Қыстаубайқызы – «Назарбаев университет» ДББҰ вице-провосты, Астана қаласы

Үмбеталина Марал Әбдірашқызы – «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК дәрігері, Шымкент қаласы

Хамитова Алмагүл Мәжитқызы – «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ директоры, Батыс Қазақстан облысы

Хорошаш Ғалия Нәсіболлақызы – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ұлттық госпиталі» РМК дәрігері;

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Қамбарова Баянгүл Қожабергенқызы – «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС филиалы «Қ. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүсмет» ӨБ электрмен дәнекерлеушісі

Мадимарова Анар Серікбайқызы – «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС шикіқұрамшысы, Жамбыл облысы

Нұрғалиева Зинагүл Әбенқызы – «Altyntau Kokshetau» АҚ шикіқұрамшысы, Көкшетау қаласы

Санқыбаева Бахытгүл Қуанышбайқызы – «Ақ Жайық-7» ЖШС вагон жөндеу депосының кран машинисі, Атырау қаласы

Сәрсенова Ботагөз Ғабитқызы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Ерейментау жол дистанциясының жол шебері;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Арпабаева Бибігүл Төлегенқызы – «Өскемен ЖЭО» ЖШС отын-көлік цехының аға жүк және багаж қабылдап-тапсырушысы

Әбелдинова Надежда Николайқызы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аса маңызды істер жөніндегі офицері

Бәкірова Қарлығаш Тастанбекқызы – «№ 13 қалалық емхана» МКК дәрігері, Астана қаласы

Жамалиева Әлима Аманжолқызы – Ішкі істер министрлігі Астана қаласы полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі

Жолдыбаева Маржан Жолдыбайқызы – «Кажсервис» ЖШС Қарағанды облыстық филиалының жол жұмысшысы

Игбаева Меруерт Асылханқызы – Сыртқы істер министрлігі департамент директорының орынбасары

Қожамсейітова Мақпал Қамашқызы – «Алматыэлектротранс» ЖШС троллейбус жүргізушісі, Алматы қаласы

Молдыбаева Гүлшарат Тоқанқызы – «Астана-АЭК» АҚ жедел-диспетчерлік қызметінің операторы

Русинова Ольга Владимировна – «Қазтелерадио» АҚ бөлім басшысы, Алматы қаласы

Сарымсақова Айна Абылайқызы – Шымкент қаласы № 7 округтік сайлау комиссиясының төрағасы

Сәрсембаева Жанаркүл Оразалықызы – «Almaty turmystyq tehnika zavody» ЖШС сапа инспекторы, Алматы облысы

Табергенова Айгүл Олжабайқызы – «Дара» қайырымдылық қоры «Ерте қолдау» жобасының жетекшісі, Астана қаласы

Тұрсынқанбетова Еркежан Саятқызы – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ бас директорының орынбасары

Шек Наталья Анатольевна – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бас маманы, Астана қаласы;

«Шапағат» медалімен

Әлімбаева Динара Төлегенқызы – «Қарағанды қаласының № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ аға мейіргері

Әуренова Мәдина Дәулетханқызы – «DEMEY» оңалту және түзету орталығы» ҚБ төрағасы және негізін қалаушы, Шығыс Қазақстан облысы

Васина Светлана Станиславовна – «Moon-Ай» музыкалық дуэтінің қатысушысы, Астана қаласы

Жақыпова Жанар Бексұлтанқызы – «New Decision Group» ғылыми-зерттеу агенттігі» ЖШС басшысы, Алматы қаласы

Михеева Елена Валериевна – «Moon-Ай» музыкалық дуэтінің қатысушысы, Астана қаласы

Орынбаева Алтынай Романқызы – «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ бөлім бастығы

Уайысова Гүлмәрия Қажағалиқызы – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің мал дәрігері;

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілсін

Аханова Бақытжан Омарғалиқызы – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының білім басқармасы «Балалар музыка мектебі» КМҚК директоры;

«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілсін

Үкібасова Талшын Мұқадесқызы – «University medical centre» корпоративтік қорының бас консультанты, Астана қаласы;

«Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» құрметті атағы берілсін

Шелудько Ольга Николаевна – Өнеркәсіп және құрылысы министрлігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК Оңтүстік өңір бойынша филиалы Жамбыл облысы бойынша департаментінің сарапшысы;

«Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атағы берілсін

Ерманова Майра Жұратбекқызы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы - «Жезқазғантүстімет» ӨБ №1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикаларының флотаторы, Жезқазған қаласы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Наурызнама онкүндігіне дайындық қалай жүріп жатыр
06.03.2025ж. 20:09

Наурызнама онкүндігіне дайындық қалай жүріп жатыр

Наурызнама – мыңжылдықтардан бастау алатын халқымыздың мәдени мұрасы
 Мәселен, Ғабит Мүсірепов атындағы театрға бір қойылымға 6-10 миллион теңге бөлінсе, Астанадағы балет театрына бір қойылымға 309 миллион теңге жұмсалады.
Шара Гиннес реордтар кітабына еніп, 5000 адам қатысады деп күтілуде
Аспанбек Шұғатайдың «Ұмытпа, қазақ!» әні

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →