×

Жасанды интеллект арқылы Қазақстандағы алғашқы анимациялық фильм Түркістанда дайындалды

Идея авторы - телеарна қызметкері Ғасыр Құралбайұлы

Жасанды интеллект арқылы Қазақстандағы алғашқы анимациялық фильм Түркістанда дайындалды

"Turkistan" телеарнасы жасанды интеллект арқылы алғашқы қазақ мультфильмін дайындап шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа анимациялық туынды "Түркістан сақшылары" деп аталады. Идея авторы - телеарна қызметкері Ғасыр Құралбайұлы. Жасанды интеллектпен жұмыс істеуді жетік меңгерген маман мультфильмнің бірінші сериясын 7 күнде жасап шыққан. Ең қызығы – бірінші серияға бар болғаны 70 мың теңге қаржы жұмсалған. 
Ғасырдың айтуынша, жасанды интеллект бағдарламасының ақылы нұсқасына жазылуға  - 100 АҚШ доллары, анимациялық фильмнің саундтрегін жаздыруға 20 мың теңге жұмсалған.

Сондай-ақ ол мультфильмнің келесі сериялары дайындалып жатқанын айтты. Сондай-ақ, болашақта кинотеатрларда көрсетілетін толыққанды коммерциалық мультфильм түсіруді жоспарлап жүргенін айтты.

Фильм сюжеті қасиетті қала Түркістанды қауіп-қатерден қорғап, балаларды адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелейтін мифологиялық кейіпкерлердің әрекеттерінен құралған.  Олар, Ақпантер – жылдам әрі батыл барыс, Алтынқанат – бәрін байқағыш бүркіт, Тасбатыр ата – ғасыр жасаған ақылгөй тасбақа.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →