×

Балаева "Қазақфильм" басшылығына қатысты пікір білдірді

Министр желіде шу көтеріп жүрген азаматтарға қатысты өз ойын да айтты

Балаева "Қазақфильм" басшылығына қатысты пікір білдірді
Фото: kazakhfilm.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Қазақфильмнің" басшылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазіргі кезде әлеуметтік желіде компания басшысына қатысты пікірталастар толастамай тұр.

“Мәдениет саласы болсын, я ақпарат саласы болсын, ең бірінші менеджер басқаруы керек. Бұл - менің ұстанымым. "Қазақфильм" де солай, басшысы режиссер де, актер да болмауы керек, нақты менеджер болуы керек. Сосын нәтижелі жұмыс істеп жүрген адамға орыс тілін білмейсің, қазақ тілін білмейсің деп тисе берген дұрыс емес”, - деді Балаева үкіметте өткен брифингте.

Осы орайда министр желіде шу көтеріп жүрген азаматтарға қатысты өз ойын да айтты.

“Қазір дүрбелеңге салып жүрген бірнеше адам кезінде Қазақфильмде жұмыс істеген. Бірақ компанияның оңтайлы дамуына әсер ететіндей жұмыс жасамаған. Солар жоқ жерден дау-дамай көтеріп жүр ”, - деп атап көрсетті Балаева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →