×

"Киманосын сахналық костьюмге алмастырды": Атыраулық дзюдошы бала Димаштың концертінде өнер көрсетті

Димаш Құдайберген баланың өнеріне қолдау білдіріп, өзінің домбырасын жас талантқа сыйлаған

"Киманосын сахналық костьюмге алмастырды": Атыраулық дзюдошы бала Димаштың концертінде өнер көрсетті
Сурет: коллаж/ Бейнеден кадр

Атыраулық жас дзюдошы Бекболат Иса Алматыда өткен Димаш Құдайбергеннің қатысуымен өткен фан-кездесуде көрермендердің жүрегін жаулап, концерттік бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бекболат Иса сахнаға күтпеген жерден шығып, ән орындап, көрермендер мен әлеуметтік желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді.Бұл күтпеген әрі жүрек тебірентерлік өнер көрсетуі көрерменге айрықша әсер еткен. Ол спортзалдағы киманосын, сахнада классикалық костюмге алмастырып "Балқадиша" әнін шырқады. Жас орындаушы көрерменнің жүрегін бірден жаулап алды. Димаш Құдайберген баланың өнеріне қолдау білдіріп, өзінің домбырасын жас талантқа сыйлады.

“Оның қатысуымен түсірілген видео әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. Қолданушылар балақайдың батылдығы мен талантына тәнті болып, «Жүректен шырқайды», «Жарайсың, үлкен сахнада сасқалақтамадың», «Бұл — Қазақстанның болашағы», –  деген сияқты пікірлер қалдыруда.

Айта кетейік, Атыраулық жас спортшы Бекболат Иса сахнаға шықпас бұрын-ақ елге танымал болып үлгерген. Оның TikTok-тажай ғана спортзалдағы дзюдо жаттығуын көрсететін видеосы кенеттен танымал болып, көптеген қолданушылардың қызу талқысына түсіп, ризашылығы мен ақ тілектеріне бөленген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Қала күніне орай Backstreet Boys тобының концерті өтеді
10.07.2025ж. 13:28

Алматыда Қала күніне орай Backstreet Boys тобының концерті өтеді

Алматы әлемдік деңгейдегі «A» санатындағы жұлдыздар үшін жаңа сахна алаңына айналып келеді
Облыс әкімінің орынбасары өнерлі топтың мүшелерімен кездесті
Ұлттық қуыршақ өнерінің темірқазығы саналатын Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры Францияға аттанады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →