×

Сақ дәуіріне жататын тарихи артефактілер мемлекетке қайтарылды – Активтерді қайтару комитеті

Артефактілердің жалпы салмағы 118 грамнан асады

Сақ дәуіріне жататын тарихи артефактілер мемлекетке қайтарылды – Активтерді қайтару комитеті
Сурет: Активтерді қайтару комитеті

Сақ дәуіріне жататын тарихи зергерлік бұйымдар еліміздің Ұлттық музейіне тапсырылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті мәлімдеді.

 “Бүгін Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті мен Қайтарылған активтерді басқару компаниясы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне бірегей тарихи-мәдени құндылықтар берілді. Сақ дәуіріне жататын бұл артефактілер -ежелгі көшпелілердің шеберлігін паш ететін зергерлік өнердің озық үлгілері болып табылады. Мамандар мен сарапшылардың қорытындысына сәйкес, бұл бұйымдардың тарихи, мәдени және ғылыми маңызы өте жоғары және олар Қазақстанның ғана емес, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасы үшін ерекше құндылық болып табылады. Зергерлік бұйымдар б.з.д. VII ғасырдан бастап б.з. III ғасырына дейінгі уақытты қамтиды және дала өркениеттеріне тән скифтердің аң стилінде жасалған. Бұл көркемдік стиль грек, парсы және көне қытай мәдениеттерінің ықпалын көрсетіп, Ұлы Даланың өзіндік эстетикасымен үйлесім тапқан. Тапсырылған артефактілер қатарында -қыранның бас бейнесіндегі металл мүсіні, араб жазуы бар сақина, мүйізді жануар бейнеленген пластина, қанатты арыстан, жылқы және барыс мүсіндері, сондай-ақ 15 монета мен шиыршық тәрізді бұйымдар бар. Бұйымдар ежелгі соғу, бедерлеу және гравюралау техникасын қолдану арқылы жасалған. Артефактілердің жалпы салмағы 118 грамнан асады. Аталған мәдени құндылықтардың қайтарылуы активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі болып отыр”, – делінген комитет хабарламасында.

Алдағы уақытта бұл артефактілер Қазақстанның ежелгі тарихының бірегей куәгерлері ретінде Ұлттық музейдің топтамасында орын алып, жұртшылық назарына ұсынылатын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлы Абайдың 180 жылдығы: Қарауылда мәдениет, спорт және туризм фестивалі өтеді
14.07.2025ж. 19:44

Ұлы Абайдың 180 жылдығы: Қарауылда мәдениет, спорт және туризм фестивалі өтеді

9 автокөлік пен жылқы малы түріндегі сыйлықтар табысталады.
Байқау финалы 20 қыркүйекте өтеді.
Алматы әлемдік деңгейдегі «A» санатындағы жұлдыздар үшін жаңа сахна алаңына айналып келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →