Байқау финалы 20 қыркүйекте өтеді.
Ресейде өтетін «Интервидение-2025» байқауында Қазақстан атынан Amre лақап атымен танымал әнші Ернар Садырбаев өнер көрсетеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған Qaz365.kz.
Министрліктің мәліметінше, биылғы байқау финалы 20 қыркүйекте өтеді.
Ернар Садырбаев – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Pop, pop-classic, latino және R&B бағыттарында орындайтын әнші халықаралық фестивальдер мен байқаулардың жеңімпазы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
2018 жылы Ернар Садырбаев Витебск қаласында өткен «Славян базары» фестивалінде бірінші орын иеленген.
2021 жылы Қазақстанда өткен «Маска» телевизиялық шоуына қатысқан. Шоу барысында Ернар «Бүркіт» бейнесінде өнер көрсетіп, жұрттың ерекше ықыласына бөленген еді.
Сондай-ақ әнші ресейлік «Голос» жобасына қатысып, шоуда Дима Биланның командасына қосылып, финалға дейін жеткен болатын.