×

Ұлы Абайдың 180 жылдығы: Қарауылда мәдениет, спорт және туризм фестивалі өтеді

9 автокөлік пен жылқы малы түріндегі сыйлықтар табысталады.

Ұлы Абайдың 180 жылдығы: Қарауылда мәдениет, спорт және туризм фестивалі өтеді
Абай облысының әкімдігі

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында республикалық «Жеті қазына» мәдениет, спорт және туризм фестивалі өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған мәдени шараларға тоқтала өтті. 

Биыл 8-10 тамыз күндері Қарауыл ауылында тұңғыш рет республикалық деңгейде өтетін «Жеті қазына» ұлттық мәдениет, спорт және туризм фестивалі. Фестиваль атауы халқымыздың дәстүрлі дүниетанымындағы жеті қасиетті ұғымға негізделген: Ер жігіт, Сұлу әйел, Ілім-білім, Қыран бүркіт, Жүйрік ат, Құмай тазы, Берен мылтық. «Жеті қазына» мәдениет, спорт және туризм фестивалі сайыстарынан бөлек ұйымдастырылатын бабамыздың сүйікті ойыны тоғызқұмалаққа, ұлттық ат спорты мен қазақ күресі (өгіз палуан, түйе палуан) жарыстарына жиыны 1000-ға жуық қатысушы қамтылады деп жоспарлануда, - деді аудан әкімі.

Аудан кәсіпкерлері мен шаруа қожалық басшыларының демеушілігімен 90 аса бас жылқы және естелік сыйлықтар жүлде ретінде беріледі. Аламан бәйге, топ бәйге, түйе палуан, өгіз палуан және айтыс жеңімпаздарына облыс әкімінің үндеуіне сай, 9 автокөлік пен жылқы малы түріндегі сыйлықтар табысталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Amre Қазақстан атынан тағы бір байқауға қатысады
Бүгін, 17:44

Amre Қазақстан атынан тағы бір байқауға қатысады

Байқау финалы 20 қыркүйекте өтеді.
Алматы әлемдік деңгейдегі «A» санатындағы жұлдыздар үшін жаңа сахна алаңына айналып келеді
Облыс әкімінің орынбасары өнерлі топтың мүшелерімен кездесті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →