×

Қазақстандық танымал актер Қайрат Кемалов дүниеден өтті

Ол 68 жаста болған. 

Қазақстандық танымал актер Қайрат Кемалов дүниеден өтті
Ермағанбет Бөлекпаевтың парақшасынан

17 шілде күні танымал театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов 69 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қаралы хабарды Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайрат Кемалов бүкіл саналы ғұмырын театр өнеріне арнап, шығармашылық жолын Қарағанды қаласындағы сахнадан бастаған. Ол классикалық туындылардан бастап заманауи драмаларға дейін сан алуан рөлдерді сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Актер өзінің шеберлігімен, өнерге деген адалдығымен қазақ театр және кино саласының дамуына елеулі үлес қосты.

Қайрат Кемаловтың жарқын бейнесі әріптестерінің, шәкірттері мен көрермендерінің жүрегінде мәңгі сақталады, – деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Қайрат Кемалов халықаралық деңгейдегі түрлі марапаттарға ие болған. Ол тарихи тұлғаларды шынайы бейнелеудегі шеберлігімен танылған. Актерді көпшілік «Қазақ хандығы» тарихи телехикаясындағы Керей ханның рөлі арқылы жақсы біледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлы Абайдың 180 жылдығы: Қарауылда мәдениет, спорт және туризм фестивалі өтеді
14.07.2025ж. 19:44

Ұлы Абайдың 180 жылдығы: Қарауылда мәдениет, спорт және туризм фестивалі өтеді

9 автокөлік пен жылқы малы түріндегі сыйлықтар табысталады.
Байқау финалы 20 қыркүйекте өтеді.
Алматы әлемдік деңгейдегі «A» санатындағы жұлдыздар үшін жаңа сахна алаңына айналып келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →