×

Белгілі ақын Исраил Сапарбай өмірден өтті

Ол 84 жаста болатын. 

Белгілі ақын Исраил Сапарбай өмірден өтті
facebook.com

Қазақстанның халық жазушысы, танымал драматург және сазгер Исраил Сапарбай 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл жайлы ақпаратты Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов Facebook парақшасында бөлісті, деп жазады Qaz365.kz.

Бүгін таңғы сағат төрттің шамасында суық хабар жетті. Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, «Платиналы Тарлан» тәуелсіз сыйлығының иегері, ұлт ақыны Исраил ағамыз Қаскелеңдегі шаңырағында, отбасы жанында ауыр дерттен көз жұмды. Қаралы хабарды маған ақынның ұлы Нұрлан жеткізді, – деп жазды Бегманов.

Исраил Сапарбай – қазақ лирикасының шоқтығы биік өкілдерінің бірі. Ол артына терең мағыналы өлеңдер, сахнаға арналған пьесалар мен ел сүйіп тыңдайтын сазды әндер қалдырды. Марқұмның әдеби мұрасы халық жадында ұзақ сақталары сөзсіз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атырауда Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті
11.10.2025ж. 12:18

Атырауда Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті

Мемлекеттік Әнұран авторының суреті бейнеленген үлкен көркем мозаика ұсынылды
Бүгін Мәскеуде Ресейдегі Қазақстанның мәдени күндері басталды
Кеш соңында шәкірттері мен Жаңаарқа жұртшылығы атынан Қайрат Әукенұлына автокөлік кілті табыс етілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →