Мен хейтерлерді жақсы көремін
Қырғызстанның халық әртісі атанған Димаш Құдайберген хейтерлердің сынына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қырғызстандық әлеуметтік желі қолданушылары Димаш Құдайбергенге берілген «Қырғыз Республикасының халық әртісі» атағына қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Әсіресе, кейбір қолданушылар оның қырғыз тілінде ән айтпағанын алға тартып, атақтың берілуін орынды санамаған. Осы сұраққа ол Қырғызстанда өткен баспасөз мәжілісінде жауап берді.
Халық арасында: «Әр істің қайыры бар» деген сөз бар (қазақтың мақалы). Кеше маған табысталған марапатты мен Қырғыз халқының Қазақ халқына деген бауырластық құрметінің белгісі ретінде қабылдадым. Сондықтан бұл марапатты тек маған беріп отыр деп айта алмаймын. Баршаңызға қонақжайлылықтарыңыз бен ілтипаттарыңыз үшін, өнерімізге, халқымыздың мәдениетіне деген зор және шынайы сүйіспеншіліктеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Мен хейтерлерді жақсы көремін, тіпті кейде тым ерекше жақсы көремін! Солардың арқасында, шынымды айтсам, мен шабыттанамын. Жалпы, бұл сөздерде біраз шындық бар… Бірақ, мен өзім азды-көпті адекватты адам ретінде, бұл марапаттың тек ән айтқаным үшін немесе жұртшылық мені танитыны үшін ғана берді деп ойламаймын. Ең алдымен, бұл – екі елдің арасындағы достықтың белгісі, - дейді Димаш.
Сөз соңында Димашқа 2026 жылы Қырғызстанда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өнер көрсету ұсынысы жасалды.
Мүмкіндік болса, әрине қуана-қуана келуге тырысамын. Бірақ, өзіңіз білетіндей, менің бірнеше елде менеджерлерім бар және бәрі солардың менің жұмыс кестемді құрастыруына байланысты шешіледі. Олармен келісуім керек. Бірақ мен үшін бұл үлкен мәртебе болар еді, - деді әнші.