×

Композитор Юрий Аравин өмірден озды

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады

Композитор Юрий Аравин өмірден озды

Қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, «Парасат» және «Отан» ордендерінің иегері, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, профессор Юрий Петрович Аравин өмірден озды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министр марқұмның отбасы мен жақындарына, шәкірттері мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтты.

«Юрий Петровичтің есімі халқымыз үшін аса қадірлі. Ол қазақтың халық музыкасын кеңінен насихаттаған танымал тұлғалардың бірі еді. Ұлттық мәдениетке бар жан-тәнімен берілген азамат ретінде фольклорлық мұраларды жинақтау мақсатында көптеген ғылыми-шығармашылық экспедицияларға бастамашы болды. Көптеген көне музыкалық туындыларды жаңғыртып, ғылыми жүйеге түсірді», – деп жазды Балаева.

Министрдің айтуынша, Юрий Аравин қазақ музыкасына, халық композиторлары мен ақындарының мұрасына арналған телерадио бағдарламалар әзірлеп, ұлттық фольклордың бай қазынасын кең аудиторияға танытқан.

«Юрий Петрович өз өмірін өнерге, ұлт мәдениетіне арнап, тұтас бір шығармашылық буынды тәрбиелеген ұлағатты ұстаз болды. Қайраткердің жарқын бейнесі, руханиятымызға сіңірген өлшеусіз еңбегі халық жүрегінде мәңгі сақталады деп сенемін.Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!», – деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атырауда Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті
11.10.2025ж. 12:18

Атырауда Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті

Мемлекеттік Әнұран авторының суреті бейнеленген үлкен көркем мозаика ұсынылды
Бүгін Мәскеуде Ресейдегі Қазақстанның мәдени күндері басталды
Кеш соңында шәкірттері мен Жаңаарқа жұртшылығы атынан Қайрат Әукенұлына автокөлік кілті табыс етілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →