×

Қазақстан мәдениеті жаңа белеске көтерілді: бес жылда ұлттық өнер халықаралық деңгейге шықты

Қазақстан мәдениеті жаңа белеске көтерілді: бес жылда ұлттық өнер халықаралық деңгейге шықты
gov.kz

Соңғы бес жылда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдени бірегейлікті нығайту, креативті индустрияларды дамыту және ұлттық өнерді халықаралық деңгейде таныту бағытында ауқымды жұмыс атқарды. Бұл кезең ел мәдениетінің жаңа серпін алып, Қазақстанның Орталық Азиядағы мәдени орталық ретіндегі беделін арттырған уақыт болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2020 жылы елдің жетекші мәдени ұйымдарының мәртебесін көтеру туралы шешім қабылданып, Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестріне, М.Әуезов және Абай атындағы театрларға, М.Лермонтов атындағы орыс драма театры мен Ұлттық кітапханаға «Ұлттық» мәртебесі берілді. Ал Қ.Қуанышбаев атындағы театр республикалық меншікке өтті.

2022 жылы қазақ мәдениетінің екі бірегей мұрасы – «Ортеке» қуыршақ биі мен Қожанасыр туралы аңыз ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енді. Сондай-ақ аты аңызға айналған «Гүлдер» ансамблі қайта құрылып, өнер саласының жаңа буынына жол ашты.

2023 жылы Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған мәдени саясат тұжырымдамасы қабылданып, ұзақ мерзімді стратегиялық бағыттар айқындалды. Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай ел көлемінде 660-тан астам іс-шара өтті.

Соңғы жылдары Қазақстан мәдениеті Әзербайжан, Армения, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Мысыр және Ресейде өткен мәдениет күндерінде кеңінен насихатталды.
Қазақ өнерпаздары Каирде Сұлтан Бейбарыс мешітінің ашылуына, Ташкент пен Самарқандтағы «Абай» операсының тұсаукесеріне және халықаралық көрмелерге қатысты.

2024 жыл Қазақстан мәдениетін әлемдік деңгейге шығару жылы болды. Еліміз алғаш рет Венеция өнер биенналесінде өз ұлттық павильонын таныстырды. Сонымен қатар Париждегі Гиме Азия өнері музейінде және Қытайдың Тяньцзинь музейінде «Алтын адам және Ұлы дала» көрмесі өтті.

Сол жылы Астанадағы Ұлттық музейде Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» картинасы көпшілікке ұсынылды.
Қазақ мәдениеті онлайн кеңістікке де шықты – мәдени ұйымдарды біріктіретін Qazaq Culture ақпараттық-ағартушылық платформасы іске қосылды.

Биыл Бейжіңде Қазақстанның алғашқы Мәдениет орталығы ашылды. Ашылу салтанатына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қатысты.
Сонымен қатар «Беташар» ұлттық дәстүрі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енді, ал Өзбекстанмен бірге «Кесте–сюзанне» бойынша ортақ номинация ұсынылды.

Ақтау қаласына «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі беріліп, Бішкекте Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовқа арналған «Достықтың алтын көпірі» ескерткіші ашылды.

Мәдениет саласында цифрлық технологиялар кеңінен енгізілуде. E-Museum виртуалды музей желісі іске қосылып, 275 музей мен 65 мыңнан астам экспонат туралы деректер цифрландырылды. Ұлттық ескерткіштерді қорғау мен бақылау үшін жасанды интеллект элементтері енгізілді.

Бес жыл ішінде Қазақстанның мәдени өмірі айтарлықтай өзгерді. Ұлттық өнер халықаралық деңгейде танылып, отандық шығармашылық ұжымдар әлем сахнасында өнер көрсетті.
Осылайша, Қазақстан Орталық Азиядағы мәдени көшбасшы ел ретінде қалыптасып, заманауи мен ұлттық құндылықтарды үйлестіре білген мемлекетке айналды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ұлттық архив қорында 74,5 мың қорды қамтитын 27,8 миллионнан астам сақтау бірлігі бар.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады
Мемлекеттік Әнұран авторының суреті бейнеленген үлкен көркем мозаика ұсынылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →