×

Димаш Құдайберген «Grammy Global Spin» халықаралық жобасына қатысты

Димаштың «Fire» композициясы Grammy ресми алаңында премьера жасады

Димаш Құдайберген «Grammy Global Spin» халықаралық жобасына қатысты

2025 жылдың 4 желтоқсанында америкалық музыка марапаттардың бірі — «Grammy» сыйлығының ресми сайтын мен YouTube арнасында Димаш Құдайбергеннің өз авторлық «Fire» композициясымен орындаған жаңа бейнежазбасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz  тілшісі Dimashnews-ке сілтеме жасап. 

Қазан айында ол Нью-Йорк қаласындағы әлемге әйгілі Madison Square Garden сахнасында қазақ мәдениетін жоғары деңгейде таныстырып, зор табысқа жеткенінен кейін, Димаш Америка Құрама Штаттарындағы ең беделді музыкалық институттардың бірі — Grammy.com платформасымен және Американдық Ұлттық дыбыс жазу өнері мен ғылымы академиясымен шығармашылық байланыс орнатты.

«Global Spin» жобасы 2021 жылдың қыркүйегінде әлемдік музыкалық қауымдастықты қолдау және дамыту мақсатында іске қосылған. Жоба аясында бүгінге дейін K-pop жанрының мегажұлдыздарынан бастап, нигериялық хип-хоп және шотланд фолк орындаушыларына дейін көптеген танымал халықаралық әртістер өнер көрсетті. Әрбір шығарылым белгілі бір орындаушының ғана емес, сондай-ақ оның Отанын да дәріптейтін эксклюзивті тікелей орындаудан тұрады.

Дыбыс жазу академиясы АҚШ-тың орындаушыларының, ән авторларының, продюсерлерінің, дыбыс режиссерлерінің және басқа да музыкалық мамандарының мүдделерін қорғай отырып, сондай-ақ әлемдегі ең беделді музыкалық марапат — «Grammy» сыйлығын да ұйымдастырады.

Мұндай жоғары беделді ұйым тарапынан мойындалу — әлемдік мәдени кеңістікте өз елін таныстырып жүрген әртіс үшін маңызды қадам болып саналады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →