×

«Таптым-ау сені» әнінің шығу тарихы қандай - видео

Әпкесінің қуанышына арнаған екен

«Таптым-ау сені» әнінің шығу тарихы қандай - видео
Ашық дереккөздерден

«Таптым-ау сені» әнінің шығу тарихын белгілі әнші Ғаділбек Жанай айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Әнші бұл туралы Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» бағдарламасында әңгімелеп берді.  

«Әннің авторы Қазыбек Құрайыштың тұрмысқа шықпай, оң жақта отырыңқырап қалған әпкесі бар екен. Бұл енді қазіргі қоғамда бар проблема ғой. Ағайын-туыстары, дос-жарандары бәрі «қашан күйеуге шығасың» деп сұрай берсе керек. Әрқайсының сұрағы жүрегіне оқтай қадалған әпкесі сырын бөлісерге жан таппай, жылап отырып, Қазбекке мұңын шағады екен.

Арада сырғып біраз уақыт өтеді. Бір күні қалаға кеткен әпкесі телефон шалады. Інісі тұтқаны көтеріп, құлағына тақап: «Алло» дегенде, әпкесі жарқын дауыспен: «Қазыкен-ау, мен таптым ғой, теңімді таптым», - депті қуана.

Әпкесімен бірге жүрегі жарыла қуанған інісінің шабыты оянып, сол жерде әні мен сөзі қатар келіп, «Таптым-ау сені» әні өмірге келген екен”, – дейді әнші Ғаділбек Жанай.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →