×

Топас интригалардан қашқаным рас: Ақберен Елгезек одақтан кету себебін түсіндірді

Ол бұған дейін келе жатқан Құрылтайда  қойылатын спектакльге қатысуға құлқым жоқ деген

Топас интригалардан қашқаным рас: Ақберен Елгезек одақтан кету себебін түсіндірді
stan.kz

Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ақберген Елгезек қызметінен кетуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Менің “Жазушылар одағындағы қызметімнен кетем“ деген постымды оқыған жұрт бұл шешімімді әбден талқылап, әжептәуір дуылдасып-ақ қалды. Жөн, қоғамдағы кез келген жағдай талқылануы керек, сол жағдайдың маңайындағы небір мәселелер де құлағын қылтитып, көрініп те қалады. Пайдасы да осы шығар. Айтпағым, бірақ ол емес. Мен сол пост арқылы өзімді бейнебір “ғаламат батыр тұлға, “керемет әділетсүйгіш кісі” ретінде көрсетуді мақсат тұтқам жоқ”, - дейді Ақберен Елгезек.

Ол бұған дейін келе жатқан Құрылтайда қойылатын спектакльге қатысуға құлқым жоқ деген. Осының себебін түсіндірді.

“Әр Құрылтай сайын біздің ұйымның мүшелері - қаламгерлердің ерікті таңдауына іші пысқанның бәрі араласады. Құрылтай қарсаңында небір жершілдік, рушылдық сияқты сасық принциптерге негізделген әрқилы топтар құрылып, жазушы қауымның ішін іри-тіри қылады. Жоғарыға арыз домалатып, бірін-бірі тілдеп, ел алдында масқара боп жатады. Ұят!” - дейді ақын.

Сонымен қатар биылғы Құрылтайдың алдында да мұндай ыбыр-жыбыр ахуал бет қаратпай күйіп тұр. Құдды бір Одақтың табалдырығының астына біреу аттың басындай алтын жасырып қойғандай. Сондай лас әңгіме, топас интригалардан қашқаным рас. Ондай ырду-дырдуға араласқым келмеді деп айтты.

“5 жыл Одақта жұмыс істедім. Ұлағаң бастаған командамен бірге бір үйдің баласындай тізе қосып, қолымыздан келген дүниенің барлығын жасап бақтық. Енді осы еңбектің барлығын жоққа шығарғысы келетін кейбір адамдардың ұсақ тірліктері мен қаңқу әңгімелерінен жүрегім айныды. Сатқындық пен өсек-аян, ғайбаттың небір таңғажайып үлгілерін көзім көріп, құлағым естіп жатыр. Ешкімге ренжімеймін. Бәрін кешірдім. Пейіштегі періште емеспіз. Өмір ғой, бәрі заңды”, - дейді Ақберен Елгезек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ
23.04.2024ж. 14:11

Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ

Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ
Ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен сұхбат

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →