×

«Грэмми–2026» лауреаттары белгілі болды: басты жеңімпаздар кімдер

«Грэмми–2026» лауреаттары белгілі болды: басты жеңімпаздар кімдер
Michael Buckner

2026 жылғы «Грэмми» музыка сыйлығының жеңімпаздары жарияланды. Байқаудың ең басты марапаты – «Жылдың үздік альбомы» пуэрторикалық рэпер Bad Bunny-дің Debí Tirar Más Fotos альбомына бұйырды. Бұл жинақ оған «Үздік урбан-альбом» номинациясында да жеңіс әкелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Альбом пуэрторико музыкасының элементтерін қамтып, АҚШ басқаруындағы аралдың өзекті әлеуметтік мәселелерін қозғайды. Жинақтағы барлық ән испан тілінде орындалған.

Басқа негізгі номинациялар бойынша:

  • «Жылдың үздік жазбасы» – luther (Кендрик Ламар & SZA)

  • «Жыл әні» – Wildflower (Билли Айлиш)

  • Үздік поп-вокал альбом – MAYHEM (Леди Гага)

  • Үздік рэп-альбом – GNX (Кендрик Ламар)

  • Үздік жаңа әртіс – Оливия Дин (Ұлыбритания)

  • Үздік поп-соло орындау – Messy (Лола Янг)

  • Жылдың үздік клипі – Anxiety (Doechii)

Айта кетейік, Кендрик Ламар бұл жолы мансабындағы 26-шы және 27-ші «Грэмми» жүлделерін жеңіп алып, сыйлық тарихындағы ең көп марапат алған рэпер атанды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →