×

Астанада “Күй күмбірі” республикалық акциясы өтті

Астанада “Күй күмбірі” республикалық акциясы өтті

Оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру мақсатында Астанада “Күй күмбірі” атты  акция өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталмыш шара аясында еліміздің барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарында бір мезетте домбыра үні шырқалды. Бас қаладағы №103 мектепте өткен шараға оқушылар мен ұстаздар белсенді қатысты. Олар домбыраның күмбірлеген үні арқылы мектеп ауласын ерекше рухқа бөлеп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 

 

“Оқушылар ұлттық киіммен өнер көрсетіп, шараның мазмұнын одан әрі байытты деуге болады. Оларға ұлттық өнердің, соның ішінде күй өнерінің тарихы мен тәрбиелік мәні туралы кеңінен  түсіндірідік”, - дейді музыка пәнінің мұғалімі Закира Құрманбекқызы.

Оның пікірінше, мәдени акция оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған. 

«Бүгін бәріміз бірге күй орындаған кезде ерекше сезімде болдым. Домбыра тарту – мен үшін үлкен мақтаныш», – дейді 3-сынып оқушысы Нұрмұхамбет Боранбай. 

Астана қаласы Білім басқармасы және  «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» бұл бастамасы ұлттық  рухты жаңғыртып қана  қоймай, күй арқылы оқушылардың адамгершілік тәрбиесін нығайтуға ықпал етуді көздейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →