×

Жүрсін Ерман Алматыда өткен айтысқа қазылық етті

Жыр бәйгесінде қырыққа жуық ақын бақ сынасты

Жүрсін Ерман Алматыда өткен айтысқа қазылық етті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Алатау дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен, "ASSYLTAS" қоғамдық қорының демеушілігімен "Менің пірім - Сүйінбай" дәстүрлі VII халықаралық жас ақындар айтысы өтті. Жас ақындардың өнеріне баға беруге көптен бері айтыс төрінен көрінбей кеткен, ақын Жүрсін Ерман келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

​Аталған университеттің 95 жылдығына арналған жыр бәйгесіне Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан ақындарын қосқанда қырыққа жуық ақын бақ сынасты. Жыр жәрмеңкесін "ASSYLTAS" қоғамдық қорының құрылтайшысы, белгілі кәсіпкер Дулат Тұрсынұлы, Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланұлы ашып берді. Университеттің акт залында өткен алғашқы күнгі іріктеу кеңезінде ақындар жеребемен жұпталды. Табанда жұпталған жас жүйріктер суырыпсалып көркем сөз, шымыр ұйқастармен шаппа-шап айтыстың озық үлгісін көрсете білді. Жас ақындардың өнеріне баға беруге көптен бері айтыс төрінен көрінбей кеткен, ақын Жүрсін Ерман келді. Төл өнермен есімі бірге аталатын айтыстың қара нарын көрермен орындарынан тұрып, қол соғып қарсы алды. Қазылар алқасының қатары филология ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі айтыскер ақын Серік Қалиев,  айтыскер ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Заитов, айтыскер ақын, «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Әнуар Омар, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ахметжан Өзбеков сияқты мүйізі қарағайдай әдебиет қайраткерлерімен толықты. Қазылардың шешімінен финалдық кезеңге 18 ақын жолдама алды.

Алатау дәстүрлі өнер театрында жалғасқан айтыстың финалдық кезеңі университет ректоры Дархан Нұрланұлының құттықтау сөзімен  басталды. Сахнаға шыққан ақындарға айтыстың атасы Жүрсін Ерман бата берді. Екі күнге созылған дүбірлі додаға Ғылым және жоғары білім министрі құттықтау хат жолдады. Министр Саясат Нұрбек құттықтау хатында «...Халқымыздың сан ғасырдан келе жатқан қасиетті айтыс өнеріне деген құрметті айрықша. Бұл – кешегі Сүйінбай мен Жамбыл, Біржан мен Сара, Кемпірбай мен Шөже бабаларымыздан қалған асыл өнер. Ұлттық болмысымызды, қазақи құндылығымызды дәріптейтін айтыс өнері тәуелсіз ұрпақтық ұлттық қазынасы деп білемін. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «айтыс өнерінің алтын діңгегіне» балаған Сүйінбай бабамыз атындағы жыр додасының дәстүрлі түрде ұйымдастырылуы, жастардың бойындағы ақындық дарынды дамытып, сурырыпсалма қабілетін шыңдауға, ақындық мектептің қалыптасуына негіз болатын, қазақ руханиятына қосылатын үлкен мұра болары сөзсіз...», – деп жыр додасына қатысқан ақындарға шалқар шабыт тіледі.

Сонымен, екі күнге созылған халықаралық айтыстың қорытындысы төмендегідей болды.
Бас жүлдені (500 000 теңге) Көкшетаудан келген Нұрмахан Жақып иеленді.
Бірінші орын (400 000 теңге) Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті Айым Асылбекқызының,
Екінші орын ( 300 000 теңге) Қырғызстаннан келген Ұлан Тоқтосынов пен Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенті Ердәулет Сардардың,
Үшінші орын (200 000 теңге) Атыраудан келген Батыржан Кәдірбай, Жамбыл Бақытәлі, Қуандық Кенжебекұлының қанжығасына байланды.
Арнайы жүлде:
«Темірхан Тебегенов» атындағы арнайы жүлде – Елдос Серікке,
«Оразалы Досбосынов» атындағы арнайы жүлде – Ұларбек Жеңісбекке,
«Есенқұл Жақыпбек» атындағы жүлде – Санжар Даярбекке,
«Ерік Асқаров» атындағы арнайы жүлде – Нұрдаулет Өмірбековке,
«Салауат Исахаев» атындағы арнайы жүлде – Баянбай Ахметрасулға,
«Әселхан Қалыбекова» атындағы арнайы жүлде – Асқар Аязбекке
«Қаныша Райысова» атындағы арнайы жүлде – Злиқа Наурызалинаға,
«Жарқынбек Наушабеков» атындағы арнайы жүлде – Қайнар Жанарбекке,
«Қонысбай Әбілов» атындағы арнайы жүлде – Ғалым Еркінбекке,
«Әзімбек Жанқұлиев» атындағы арнайы жүлде – Мұхтар Қонарбайға, 
«Сиязбек Сүлейменов» атындағы арнайы жүлде – Жүрсінгүл Мұратқызына бұйырды.

Жас ақындар ораза ұстаған халықты қазақтың қара өлеңімен сусындатты. Айтыстың толық нұсқасын алдағы уақытта “Домбыра” телеарнасынан көре аласыздар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астана төрінде Мұхтар Әуезовтің ескерткіші ашылды
28.09.2024ж. 14:20

Астана төрінде Мұхтар Әуезовтің ескерткіші ашылды

Еңселі ескерткіш Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының алдындағы алаңда орнатылды
9 қыркүйектен бастап, фильм еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіле бастады
Жақында әнші Euronews басылымына эксклюзивті сұхбат берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →