×

Санжар Мәди Netflix-те

Фильмнің режиссері – америкалық Джейкоб Шварц

Санжар Мәди Netflix-те
Instagram.com / Sanjar.Madi

Танымал қазақстандық актер Санжар Мәди Netflix-тің атақты моңғол және түркі тектес халықтардың билеушісі, “әлем жаулаушысы” Әмір Темір жайлы фильмінде түсіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол өзінің Instagram парақшасында түсірілім барысында түскен фотосын бөлісті.

Фильмнің режиссері – америкалық Джейкоб Шварц. Әмір Темірдің өмірі туралы толықметражды фильмнің түсірілімі Қазақстан мен Өзбекстанда өтеді. Трюктерді қоюшы - Nomad Stunts тобының негізін қалаушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, каскадерлерге арналған «Оскар» иегері Жайдарбек Күнғожинов.

Тарихи фильмнің желісі Әмір Темірдің мықты көшбасшы және дарынды әскери стратег ретінде қалыптасу кезеңін бейнелейді. 

Әмір Темір – моңғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы. Ол 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрген. Әмір Темір 1370 жылы Мауренахрдағы билікке ие болып, 35 жыл бойы жеке-дара билік жүргізген. Аты аңызға айналған Ақсақ Темір – мейлінше қарама-қайшылықты тұлға. Ол әлемнің тең жартысын қанға бөктірген шайқастар жүргізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбеде Димаш Құдайберген атындағы арена пайда болады
Кеше, 15:16

Ақтөбеде Димаш Құдайберген атындағы арена пайда болады

Қалада жаңа бірнеше нысан пайда болады
Қала әкімі дарынды әншіні ел Президентінің атынан 85 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ол түйткілді тұстардың уақытылы түзетілмеген болып шыққанын жеткізді
Күні кеше  «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →