Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай 11-12 жыл бұрын жаңажылдық түсірілім кезінде танысқан
Әнші Әли Оқапов әйелі, әнші-актриса Ақерке Бүркітбаймен қалай танысқанын және айырылысып кеткен кезін еске алды. Ол бұл туралы Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай 11-12 жыл бұрын жаңажылдық түсірілім кезінде танысқан. Бұл кезде Әли карьерасын енді ғана бастаған, ал Ақерке - "Асыл" тобының мүшесі.
“Асыл" тобының солисі Ғалия Мұратовадан екеуімізді таныстыруын өтіндім. Бірден ұнады. Ол маған қалай ұнамауы мүмкін? Өйткені ол әдемі, ақылды, ең бастысы мейірімді жан ғой. Сол кезде таныстық, бірақ ол өте тұйық болды, ешқандай эмоциясын көрсетпейтін. Ғалиямен жиі көрісіп қалып жүрдік, әр жолы "Сәлем айт, сәлем айт" деймін, бірақ ол ешқашан жауап берген емес", – деді ол.
Әли Оқапов кейінірек екеуі кездесіп жүріп, кейін айырылысып кеткенін, осы кезде көп қиналғанын айтты.
"Ерке (Ақерке Бүркітбай - еск.) шынымен бұл туралы айтпауды өтінген, бірақ айтайын, бұл - менің шешімім. Біз айырылысып кеттік. Бұған әдеттегідей мен кінәлімін. Жаман ештеңе істеген жоқпын, бірақ солай болды. Бір кезде өзімді жаман сезіндім. Мұны өткеремін деп ойлағанмын, бірақ өткере алмадым. Өмірім ақ пен қара кино сияқты болды. Ешқандай шиеленіскен сезім жоқ. Ешқандай эмоция жоқ. Бұған қоса, өз пәтерімде жалғыз тұрамын. Ешқандай жайлылық, жылу жоқ. Жай ғана өмір сүріп жатасың. Тамақ ішу керек болған соң ғана, ішесің, ұйықтауың керек болған соң ғана, ұйықтайсың. Осылай біраз уақыт өмір сүрдім", – деді ол.
Әлидің мұндай күйін анасы Роза Рымбаева бірден байқап, не болғанын сұраған.
"Не болды? Бәрі дұрыс па" деп сұрады. Олар психолог қой. "Қысқасы, Ерке дәл сен іздеген адам, егер сен онымен отбасын құрып, әрі қарай жалғастырғың келсе, қолдайтынымды алдын ала айтамын. Мен оған қазір бірге емес екенімізді айтпасам да, өзінен өзі осылай деді. Сол кезде түпкілікті ұғындым. "Неге өзімді қинап жүрмін?" деп ойладым. Анамды жеткізіп тастап, гүл сатып алдым. Жаңбыр жауды. Үйіне барып, далаға шығарып алдым. Жаңбырдың астында кешірім сұрадым. Қысқасы, кино болдық. Ол да бірден қабылдады, кешірді (...) Қысқасы, анам көмектесті", – деді ол.