×

Димаш Еревандағы концертінде тосын сый жасады

Жиналған қауым ән әуені естілгеннен-ақ есі кетіп, таң қалды

Димаш Еревандағы концертінде тосын сый жасады
parlam.kz

Әлемге танымал жерлесіміз, әнші Димаш Құдайберген Армения астанасы - Ереванда Stranger шоуын ұсынды. Концерті барысында ол армян халқының әні "Сарери овин мернемді" орындап, жұртты аяғынан тік тұрғызды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тау халқына арналған бұл ән армяндардың әнұраны іспеттес десе де болады. "Тау самалы керек маған" немесе тікелей аудармасы: "Тау самалы үшін өлуге дайынмын" деп аталады. 

Концертке жиналған қауым ән әуені естілгеннен-ақ есі кетіп, таң қалды. Өздерінің атақты халық әнін Димаштың орындауында естігендеріне қатты қуанышты екендіктерін жасыра алмай, аяғынан тікесінен тік тұрған күйде жұрт "Браво" деп ұзақ қошемет көрсетті.

"Мықты тосын сый жасады Димаш бізге", – деп шуласты концерттегі қауым.

Димаш армян халқының бұл әніне өзінше аранжировка жасап, музыкалық сүйемелдеуге домбыраны да қосқанын баса айта кетелік. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекеттік кеңесші Түркістанда өтіп жатқан халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты
15.05.2025ж. 16:22

Мемлекеттік кеңесші Түркістанда өтіп жатқан халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған халықаралық симпозиум өтуде
Депутат Әшімжанов жасанды интеллект туралы заң жобасын қорғаған депутат Екатерина Смышляевадан осы бағытты жан-жақты саралаған-сараламағанын сұрады.
Ершов елді мекенінде бұрын-соңды мәдениет ошағы болмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →