×

Өкініш көп: Мархаба Сәби тікелей эфирде көз жасын тыя алмады

Өнер адамы өте нәзік сезімтал жандар ғой

Өкініш көп: Мархаба Сәби тікелей эфирде көз жасын тыя алмады
Видеодан кадр

Qazaqstan ұлттық арнасындағы балалар арасындағы «Қазақстан дауысы» жобасында 14 жастағы Ақнұр Рақыштың орындауы тәлімгер Мархаба Сәбидің көзіне жас алуға себеп болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.
Алматы қаласының жас әншісі тәлімгер Мархаба Сәбидің «Құлағымда қазақша үн» атты авторлық әнін орындады. Бұл орындау оған қатты әсер етсе керек, ән біткенше көз жасын тыя алмады. Тіпті, еңкілдеп жылады десе де болады. 

«Балаларымыз аралас тілде өте көп сөйлейді, өкініш көп. Сол өкінішімді, сезім мен махабатымды осы әнге салған едім. Біз ешкімнен кем де, артық та емеспіз, теңбіз. Туған тілімізді, болмысымызды жақсы көріп, бағалап, аяласақ қой деген сезімнен шыққан ән», - деді Мархаба Сәби.

Ақнұр тәлімгерлер арасында Мархабаны таңдайтынын айтты.

«Мархабаның өз тіліне осыншалық жанашаршылығына риза болдым», «Өнер адамы өте нәзік сезімтал жандар ғой», «Мархабаның әндерінің бәрі мағынасы терең», «Өз тіліне деген махаббаты шексіз болып тұр», «Қазақпын» деп соққан жүрегіңнен айналдым» деген пікірлер бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Әкемнің кітабын түпнұсқада оқи алмаймын»: Сәбит Мұқановтың қызы алғаш рет сұхбат берді
Кеше, 10:19

«Әкемнің кітабын түпнұсқада оқи алмаймын»: Сәбит Мұқановтың қызы алғаш рет сұхбат берді

Сәбит Мұқановтың қызы әкесінің кітабын түпнұсқада оқи алмайтынын мойындады
Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады
Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →