×

Бұл - «Ескі Қазақстан» мен «Жаңа Қазақстанның» тартысы: Алматыда кинорежиссерлер митингке шықты

Олар «Алматы» қонақүйінің алдында жиналған

Бұл - «Ескі Қазақстан» мен «Жаңа Қазақстанның» тартысы: Алматыда кинорежиссерлер митингке шықты
Telegram / Azattyq - Азаттық

Бүгін Алматыда бір топ кинорежиссер наразылыққа шығып, ұлттық киноны қолдау үшін жарияланған байқаудың қорытындысымен келіспейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олар «Алматы» қонақүйінің алдында жиналған. «Ұлттық киноға – ұлттық менеджер», «Президент Тоқаев! Кино орталығының былықтарына назар аударыңыз!» деген плакаттар ұстап алған. 

Митингке шыққандар арасында белгілі өнертанушы Ерлан Төлеутай да бар.  

«Мемлекет белгілі бір деңгейде қаржыландырып жатыр. Бірақ қаржыландыру жүйесінде әділетсіздік бар. Ұлттық киноның басшылығына күмәнді адамдар отырып алған. Кешегі Назарбаев жүйесіне қызмет еткендер бар. Олар ұялмай қызармай киноны басқарып отыр. Бұл «Ескі Қазақстан» мен «Жаңа Қазақстанның» күресі», - дейді Ерлан Төлеутай.

Митингке шығушылардың талабы мынандай:

1.    2023 жылдың 22 мамыры мен 25 мамыры аралығында, өрескел заңбұзушылықпен өткелі отырған Питчинг тоқтатылсын!
2.    Құрамында Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі мен депутат және тәуелсіз заңгер бар арнайы комиссия құрылып, наразы топтың өкілдерінен бірнеше адам бақылаушы болып бекітілсін!  
3.    Арнайы комиссия мен бақылаушылар іріктеуден өткен 130 жоба мен іріктеуден өтпеген 153 жобаның құжаттарын тексерсін! 
4.    Егер қандай да бір заңбұзушылық анықталса, шешім шығарған Ұлттық Киноны  қолдау мемлекеттік орталығының басшылары мен жауапты қызметкерлері заң  аясында жауапқа тартылсын!.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбеде Димаш Құдайберген атындағы арена пайда болады
Кеше, 15:16

Ақтөбеде Димаш Құдайберген атындағы арена пайда болады

Қалада жаңа бірнеше нысан пайда болады
Қала әкімі дарынды әншіні ел Президентінің атынан 85 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ол түйткілді тұстардың уақытылы түзетілмеген болып шыққанын жеткізді
Күні кеше  «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →