×

Қалам мен домбырамды тастаймын. Боксшы болмағаныма өкіндім – Ерлан Төлеутай

Ол мұңдарын жоғары жақ естімей жатқанына реніш білдірді

Қалам мен домбырамды тастаймын. Боксшы болмағаныма өкіндім – Ерлан Төлеутай
Qaz365.kz

Ұлттық кинематографияны қолдау жөніндегі мемлекеттік орталығының (ҰКМҚО) байқауға қатысатын фильмдерді іріктеуден әділетсіз өткізетінін айтып, ереуілге шыққандарға айыппұл салынған. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өнер зерттеушісі, сценарист Ерлан Төлеутай олардың мұндарын жоғары жақ естімей жатқанына ренішін білдірді. 

«Полицияның іздеп жатқаны, бәрімізге айыппұл салып жатқаны мені қапа қылды. Бұл енді үлкен қорлық.  Әйтпесе, жазам жоқ. Конститутциялық құқымды пайдаланып, ұстанымымды білдіргім келді.  Сол үшін қудалап жатыр. Енді қалам мен домбырамды тастаймын ба деп отырмын. Боксшы болмағаныма өкіндім. Сол кезде кешегідей бізді Президент қабылдайтын еді», - дейді Ерлан Төлеутай.

Ол өздеріңе салынған айыппұлды төлейтінін, бірақ ол ақшаны жетімдер үйіне аударыңдар деп айтты.
Айта кетейік, айыппұл ереуілге шыққан 7-8 адамға салынған. Айыппұлдың көлемі 70-тен 170 мың теңгеге дейін.

Еске сала кетсек, 13 мамырда Алматыда бір топ киногерлер Президентке наразылық үндеуін жолдаған еді. Олар киноны қолдау орталығы заң бұзып отырғанын айтқан. Наразылық топ Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаевтың келуін талап еткен болатын. Бірақ басқарма төрағасы кезекті еңбек демалысында жүрген көрінеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →