×

Жамбыл облысында көр қазушылар көне қазан тауып алды

Көне жәдігердің салмағы – 50 келі

Жамбыл облысында көр қазушылар көне қазан тауып алды
24.kz

Жамбыл облысында сақ мәдениетіне жататын көне қазан табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Көне жәдігердің салмағы – 50 келі. Бесағаш ауылының тұрғындары оны қабір қазып жатқанда тауып алды. Ғалымдардың пайымдауынша, қазанды біздің заманымызға дейінгі 5-3 ғасырлар аралығында, яғни, ерте темір дәуірі кезінде сақтар қолданған болуы мүмкін.

"Жәдігер Жамбыл облысының аймағында ерте темір дәуіріне тән мәдениеттің кең тарағандығын, және қайталанбайтын қолөнер туындыларының болғандығын көрсетіп отыр. Алдағы уақытта археолог ғалымдар сол жерде кешенді түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу керек", - дейді археолог Сауран Қалиев.

Мамандар көне жәдігерді жан-жақты зерттеп, қалпына келтіруді көздейді. Ал ауыл тұрғындары қазан ауылда қалса екен дейді. Алдағы уақытта жергілікті билікпен бірігіп музей ашып, тарихи жерден табылған көне заттарды сонда қоюы мүмкін.

"Атлақ" шайқасы болған. Жас кезімізде сол жерден көп құмыра таптық. Сынық қылыш та шықты. Ол біреудің үйінде тұр ғой. Музей ашып, бәрін жинау керек. Мектептің бір бұрышынан музей ашу үшін басшылығымен сөйлестік", - деп атап өтті ауыл тұрғыны Ертай Оразбаев.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ
23.04.2024ж. 14:11

Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ

Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ
Ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен сұхбат

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →