×

Димаш туған күнінде өзі жазған жаңа әннің бейнеклипін жарыққа шығарады

Бұл туынды өмір жайында

Димаш туған күнінде өзі жазған жаңа әннің бейнеклипін жарыққа шығарады
dimashnews.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туған күні қарсаңында жаңа әні жарыққа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бұл жайында Instagram парақшасында жазды.

«Өмір - ақ пен қара алмасқан, бақ пен нала арбасқан, қуаныш пен қайғы таласқан, теңдессіз алып кеме. Айдындағы сұрапыл толқынға да, дауылға да төтеп беруіме түрткі болып жүрген барша тыңдарманыма туған күнімнің қарсаңында шығатын, алғаш рет әуені мен сөзі жан дүниемді жарып шыққан шығарма. Бұл туынды менің өмірім жайында»,- деп жазды Димаш.

Оның айтуынша, 24 мамырда әншінің YouTube арнасында жаңа бейнебаянның тұсауы кесіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Канн кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды
Бүгін, 02:34

Канн кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

Биыл Канн сыйлығы үшін 21 кинолента таласқа түсті
Қызығы сол, әншінің болашақ жұбайы Мейрамбекті де, «Музарт» тобын да танымаған, тіпті, атын да естімеген көрінеді. 
Ақтық мәре 1-2 шілде күндері Ақсуат ауданында өтеді
Әншінің ұстазы сол кезде бүкіл қазақ болып Мейрамбекке емші іздегенін еске алады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →