×

Жас актер Тұңғышбай Жаманқұловтың ел білмейтін жақсылығын жария етті

Актер бүгінде Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік драма театрында жұмыс істейді

Жас актер Тұңғышбай Жаманқұловтың ел білмейтін жақсылығын жария етті
Коллаж: qaz365.kz

Кино және театр актері Шерхан Пірназар Қызылордадан алғаш келгенде өзінің өнер академиясына грантқа түсе алмағанын және ұстазы Тұңғышбай Жаманқұлов оқу ақысын төлеп, төрт жыл оқытқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол «Түнгі студия» бағдарламасында 11 жыл бұрынғы жағдайды еске түсірді.

«2010 жылы мектеп бітіріп, арман қуып Алматыға келдім. Алматыға ғашық болдым. Ол уақытта мен әскери оқуға 1 жыл бойы құжат жинаған едім. Алматыға келіп әскери оқуға түстім, бірақ менікі емес екенін түсіндім. Қатты қиналып кеттім. Сөйтіп, оқуды тастадым. Қызылордаға қайтып, ол жақта техникалық колледждің студенті атандым. Бірақ оны да аяқтамадым», – дейді Шерхан Пірназар.

Осыдан кейін Ақұзақ деген досы Алматыға «Өнер академиясына» барайық деп көндірген.

«Досым «Сенің түрің бар, даусың бар. Мүмкін бағыңды сынап көрерсің» деп ұсыныс жасады. Тұңғышбай Жаманқұлов ұстазым шеберханасына қабылдау жүргізіп жатыр екен. Емтихан тапсырдым. Ол кісі мені бірден ұнатты. Ағайдың курсына емтихан тапсырдым.  Бірақ грант бұйырмады. Алматыда еш туысқаным жоқ. Мешітте, подъезде тұрдым. Бір баламен жақсы араласып қалсам, соның үйінде бір аптадай жататынмын. Тағы бір жігітпен сөйлессем, соның үйіне барамын. Бар үмітім грантқа түсу еді. 88 балл жинап, грантқа түсе алмадым»,  – дейді актер.

Ол Қаскелеңде мешітте тұрып жатқан кезінде атақты актер Тұңғышбай Жаманқұлов өзі хабарласқан. «Осындай жағдай боп тұр, грантқа түсе алмадың. Ақылы түрде оқисың ба? Оқысаң сені өзіме алайын» деген.

«Ертеңіне академияға бардым, грантқа түскендерді хабарлап жатыр екен. Оның ішінде менің атым жоғын білемін. Бірде бір бала: «Тұңғышбай аға сені шақырып жатыр» деп жүгіріп келді. Бармаймын деп едім, ағаның өзі хабарласты. Қолымда пакетімді ұстап бардым. Тұңғышбай аға академия деканына маған грант беріп, алып қалуды ұсынып жатыр.Ол грант жоғын айтты. Сол кезде Тұңғышбай аға:»Оқи бер, ақшасын өзім төлеймін»  деп айтты. Бәрі қуанып кетті. Бірге кадр бөліміне келіп, құжат тапсырдық. Осылайша, Тұңғышбай аға төрт жыл өзі оқытты»,  –  деді Шерхан Пірназар. 

Ол былтыр “Менің өмірім” бағдарламасында  Алматыға оқуға келе жатқанда пойызда бір әйелмен танысқанын айтқан еді. Сол кезде ол «Сені бір кісі ұнатып қалады. “Сол кісі оқуға түсуіне көмектеседі» деген. 
Актер бүгінде Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік драма театрында жұмыс істейді. Отбасын құрған, екі баланың әкесі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады
Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →