×

"Мың бала" дәстүрлі жобасы өз жеңімпаздарын марапаттады

Жоба 2015 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді

"Мың бала" дәстүрлі жобасы өз жеңімпаздарын марапаттады
Gov.kz

Бүгін Астанада “Мың бала” республикалық мәдени-ағартушылық жобасы қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы. 

“Мың бала” жобасының мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларын, әртүрлі этникалық топтардың жастарын мемлекеттік тілді оқытуда қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына баулу арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамытуға үлес қосу. 

"Мемлекет басшысы атап өткендей, қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді, аталған салада айтарлықтай нәтижелер бар. Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылым, мәдениет пен іс жүргізу тіліне айналып отыр. Осы орайда "Ел бірлігі" акциясы аясында Ассамблея жастары Тик ток хаус жобасына белсенді қатысып жатыр", –  деді Ақпарат және қоғамдық даму министр Дархан Қыдырәлі.

"Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасы 2015 жылдан бастап іске асырылуда. 

2015 – 2022 жылдар аралығында жоба аясынла барлығы 107 054 іс-шара ұйымдастырылған. Биыл мыңға жуық бала қатысып, олардың 43-і жеңімпаз атанып, әр түрлі номинациялар бойынша марапатқа ие болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1 млрд теңгеден астам касса жинаған «Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмі байқауда үздік атанды
18.04.2024ж. 18:05

1 млрд теңгеден астам касса жинаған «Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмі байқауда үздік атанды

2023 жылдың қыркүйегінде фильм қазақстандық прокатқа шықты
Ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен сұхбат
Бұған дейін әншілерден ең көп қаржыны Димаш Құдайберген аударған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →