×

Грекияда қазақстандық Сиверс алмасына ескерткіш қойылды

Жобаны Қазақстанда туылған Грекия азаматтары ұсынған

Грекияда қазақстандық Сиверс алмасына ескерткіш қойылды
Gov.kz

Грекияның Афина мегаполисінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Ахарне қаласында Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылуының 30-жылдық мерейтойы құрметіне орай қазақстандық “сиверс алмасы”  бейнеленген “Достық” монументінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қоладан құйылған ерекше мүсінді ескерткіш ежелгі дәуірден Грекияда бейбітшілік пен гүлденудің белгісі болып саналатын зәйтүн бұтағымен жиектелген шығу жері Қазақстанды бейнелейтін алма пішінінде жасалған.

Қазақстанның Грекиядағы Елшілігінің бастамасына Ахарне қаласының мэрі Спиридон Вреттос қолдау көрсетті. Жергілікті қалалық кеңес депутаттарының бірауыздан қабылданған шешімімен ескерткішке орталық алаңда қалалық әкімдік ғимаратына тура қарама-қарсы жерден орын бөлінді.

Грекия астанасының орталығынан 11 шақырым жерде орналасқан және Афина астаналық аймағына кіретін Ахарне қаласында тарихи отанына оралған 30 мыңнан астам қазақстандық гректер өмір сүреді.

“Бұл ескерткіш – “Халық дипломатиясының” үлгісі және Қазақстан мен Грекия арасындағы үздіксіз мәдени байланыстың жарқын мысалы”, – деді өз сөзінде елші Ерлан Баударбек-Қожатаев.

Жоба Қазақстанның тумалары, қазір Грекия азаматтары, әкесі мен баласы Иоаннис пен Константин Петридистер негізін салған “DKG Development” компаниясының демеушілігімен жүзеге асырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →