×

Қазақстанда үздік жас пианистер марапатталды

Үздік музыканттарға қомақты қаржылай сертификаттар табысталды

Қазақстанда үздік жас пианистер марапатталды
Gov.kz

Елордада “Astana Piano Passion” республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары марапатталды. Оған 7 жастан 17 жасқа дейінгі жас таланттар қатысты, qaz365.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқау қорытындысы бойынша Алматы қаласынан келген 15 жастағы Жұлдыз Ержеңіс “Astana Piano Passion” Гран-при иегері атанып, 3 000 000 теңге ұтып алды. Сондай-ақ, оған «Астана Опера» театрының камералық залында жеке концерт ұйымдастыруға немесе әлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен симфониялық концертке қатысуға мүмкіндік берілді.

«Мәдениет саласындағы маңызды бағыттарының бірі – еліміздегі жас таланттарды қолдау, олардың шығармашылығына жол ашу. Бүгін жеңімпаз атанған ұл-қыздарымыз бодашақта әлем сахналарын бағындыра алатынына сенімдімін. Алдағы уақытта іс-шара ауқымын бұдан да кеңейтуіміз керек. Себебі, музыкада шекара болмайды, кез келген әуеннің тілі барша халыққа ортақ. Бүгін марапатқа ие болған жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын»,- деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Гала-концертте.

Іріктеу кезеңіне 112 бала қатысты, оның 59-ы жартылай финалға өтті. Қазылар алқасы еліміздің барлық облыс орталықтарына барып іріктеу турларын және балаларға арналған шеберлік сабақтарын өткізді. Қазылар алқасы құрамында еліміздің көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ фортепиано өнері саласындағы халықаралық байқаулардың лауреаттары болды.

Байқау қорытындысы бойынша жас ерекшелігіне сәйкес үш топ арасында I, II және III орын иегерлері анықталды. Үздік музыканттарға ақшалай сертификаттар табысталды. Жүлдегерлер туралы мәлімет мына құжатта жарияланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ
23.04.2024ж. 14:11

Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ

Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ
Ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен сұхбат

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →