Мәдениет және спорт министрлігі тізім жасады
Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстандағы үздік бес туристік қаланың тізімін жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
5-ОРЫН. АҚТАУ
Үздік бестікті қарт Каспийдің ақмаржаны – Ақтау қаласы ашады. Биыл қаңтар-сәуір аралығында Ақтауға 220 660 қонақ келген.
Ал, жазғы маусымға қарай, туристер тарапынан Маңғыстау облысының орталығына қызығушылық 20%-ға дейін артып отыр.
4-ОРЫН. АТЫРАУ
Атырау қаласы да туристер саны бойынша үздіктер қатарында. 2023 жылдың алғашқы төрт айында қалаға 305 460 қонақ келген. Мамыр айында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өңірде «Сарайшық» визит-орталығы ашылды.
Мұнда туристерге Қазақ хандығы, Алтын Орда және ежелгі дәуірдегі қалашық тарихымен танысуға барлық жағдай жасалған.
Демек, жазғы маусымда Атырауға келушілер саны артады.
3-ОРЫН. ШЫМКЕНТ
Қонақжайлығы бойынша ешкімге есе жібермейтін Шымкент туристер саны жағынан да көш басында. Қаңтар-сәуір аралығында шырайлы шаһарға 346 280 адам саяхаттап барған.
Мұнда кез келген турист көңілі қалаған демалысты таңдай алады.
Киелі-тарихи орындарға саяхат, шипайжайдағы демалыс немесе қалада жиі ұйымдастырылатын спорттық, мәдени-бұқаралар іс-шараларға қатысуға болады.