×

Қазақстан сияқты достықты қаламайтын елдерді тізімнен сызып тастаймыз - Лепстің концерт директоры

Лепс Қонаевта өтетін концерттің тоқтатылуына ренжімеген және Ресей армиясына қолдау көрсетуді жалғастыратын көрінеді

Қазақстан сияқты достықты қаламайтын елдерді тізімнен сызып тастаймыз - Лепстің концерт директоры
Риа Новости

Ресейлік әнші Григорий Лепстің концертін өткізу үшін өз алаңын ұсынған Macao Luxury Village Resort іс-шара ұйымдастырушысымен келісімшартты бұзды. Мұны естіген әншінің директоры Владимир Урюпин Қазақстанда русофобия барын айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Gazeta.Ru басылымының жазуынша,  Лепс Қонаевта өтетін концерттің тоқтатылуына ренжімеген және Ресей армиясына қолдау көрсетуді жалғастыратын көрінеді.

Еске салайық, Лепс 8 шілдеде Қонаев казиносының бірінде өнер көрсетуді жоспарлаған. Концерт билеттерінің бағасы 50 мың теңгеден басталады. Ең қымбат билеттер 1 миллион теңгеге бағаланған.

Қазақстандықтар соғысты қолдайтын әншінің өнеріне елімізде өнер көрсететініне наразылықтарын білдірген болатын.
Жақында Ресей эстрадасының әншілері Григорий Лепс пен Николай Басков желіде Украина қарулы күштерінің жойылған әрбір танксі үшін 1 миллион рубль сыйақы беретінін мәлімдеген.

Григорий Лепске елдің көзқарасын білген соң сахнасын беріп отырған Makao Luxury Village Resort «концертті ұйымдастырушылармен келісімшартты біржақты бұзу туралы шешім қабылдадық, сатылып кеткен билеттердің ақшасын қайтарып береміз» деп айтты.

Тіпті, қоғам қайраткері Арман Шораев оның концертін бұзғандарға 1 миллион теңге беруге уәде етті.

Әншінің директоры Владимир Урюпин «соңғы кездері Қазақстанда әлі де русофобия» бар екенін айтты.

«Григорий Викторовичтің ұстанымы өзгеріссіз қалады. Қай ел, кім не айтса да елімізді қолдаймыз. Қазақстан концерт өткізуден бас тартса, әрі қарай жылжи береміз. Күніміз Қазақстанға қарап қалған жоқ. Қазақстан сияқты достықты қаламайтын елдерді тізімнен сызып тастаймыз», - деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Жақында әнші Euronews басылымына эксклюзивті сұхбат берді
Euronews басылымына берген эксклюзивті сұхбатында Димаш Құдайберген классикалық музыка, қазақ халқының мотивтері мен заманауи әуендері араласатын өзінің бірегей шығармашылығы жайлы айтқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →