×

Тасмағамбетов, Нұрқаділовтер өздері іздеп келетін: 82 жастағы жазушы Досаевқа ренішін білдірді

Жазушы әкімге 6 рет қабылдауға өтініш жібергенін айтты

Тасмағамбетов, Нұрқаділовтер өздері іздеп келетін: 82 жастағы жазушы Досаевқа ренішін білдірді
Коллаж: Qaz365.kz

Жазушы, драматург, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері Софы Сматаев Алматы әкімі Ерболат Досаевқа ренішін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, әкімнен 1,5 жылда 6 рет қабылдауын сұраған. Бірақ Досаев уәде бергенімен, қабылдамаған көрінеді.

"Мен Сматаев Софы Қалыбекұлы, ең бірінші болып қазақ жазушыларынан 30 томдық шығармалар жинағын жазған Алаштың халық жазушысымын. Сіздің келгеніңізге 1,5 жыл болды. Осы уақыт аралығында 6 рет қабылдауыңызды сұрадым, бірақ әлі қабылдаған жоқсыз”, – деп ренішін білдірді жазушы.

Сондай-ақ жазушы мегаполистің бұрынғы әкімдері өздері іздеп келіп, жағдайын біліп жүргенін жеткізді. Досаев енді қабылдамаса, мүлдем келмейтінін айтты.

"Мен ертең 82-ге толамын. Мен 1941 жылы 22 маусымда, соғыс басталғанда туылғанмын. Мені Заманбек Нұрқаділов, Вячеслав Храпунов, Имашжан Тасмағамбетов, Сағынтаевтар өздері үйіме іздеп келіп, жағдайымды біліп тұратын. Ал сіз 1,5 жыл бойы құр уәдемен мұрнымнан сүйретіп келесіз. Сізге жетінші рет келіп тұрмын. Бұдан кейін ат басындай алтын берсеңіз де, бармаймын. Мені қашан қабылдап аласыз?” – деді жазушы.

Мегаполис басшысы өз кезегінде жазушыны қабылдауға уәде берді.

“Басқа да қабылдауыма кіре алмай жүргендер бар. Жұмыстан қол тимей жатады. Сізді шілденің 10-ына дейін уақыт тауып, қабылдаймын”, – деді әкім.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →