×

Көрсете алмасақ, киноға ақша бөлудің қажеті жоқ. Азамат Сатыбалды «Қазақфильмге» келмес бұрын не айтты

Еліміздегі кинотеатрлар бір ғана бағыттағы киноларға сұраныс береді

Көрсете алмасақ, киноға ақша бөлудің қажеті жоқ. Азамат Сатыбалды «Қазақфильмге» келмес бұрын не айтты

Азамат Сатыбалдының «Қазақфильмге» келмес бұрын не айтқанына Qaz365.kz тілшісі шолу жасады.
Белгілі театр және кино актері Азамат Сатыбалды көптен бері орны бос тұрған Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті болып тағайындалды. Осы ретте 46 жастағы менеджердің бұл қызметке келуіне Ұлттық құрылтайда айтқан ұсыныстары себеп болмады деген ой туындайды.
Естеріңізде болса, 17 маусымда Түркістан қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтай өткен еді. Жиында Азамат Сатыбалды киноға қатысты ой қозғағаны бар. 

«Елдегі проблеманың бірі – кино. Өздеріңіз білесіздер, кино дегеніміз идеология. Елімізде кинолардың 90 пайызы қазақ тілінде түсіріліп жатыр. Оның дәлелі – "Аватар” кинофильмі. Бұл киноның қазақша аудармасы кинотеатрларда рекорд жасады. Бұл өте қуанышты жаңалық. Бірақ жасыратыны жоқ, еліміздегі кинотеатрлар бір ғана бағытта киноларға сұраныс береді», - деген еді Азамат Сатыбалды.


Оның айтып отырғаны комедия жанры. Актер соңғы кездері еліміздің кинотеатрларында тек осындай фильмдерге сұраныстың артқанын айтты. 

«Ал «Қазақфильм» мен ұлттық кино қолдау қоры жылына 60 кино түсіреді. Сол үшін қазынадан бөлінетін бюджет те көлемді. Алайда біз соның бірін де көрерменге жеткізе алмаймыз. Демек, кинотеатр басқа жандардағы фильмдерді алмайды.Оны көрсете алмасақ, киноға ақша бөлудің қажеті жоқ. Еегер киноға ақша бөлетін болсақ, менің ұсынысым - альтернативті түрде коммерциялық бағыттағы кинолар түсіре берсін, ал біз мемлекеттік бағыттағы театрлар саны мен сапасын арттыруымыз керек. Әрбір ауданда мәдениет үйі ішінен кинотеатр ашсақ, қазақ киноларына деген сұраныс бұрынғысынан да арта түсер еді", - деген еді Сатыбалды.


Ол сонымен қатар киноға ғылыми көзқарас керек деп санайды. Әйтпесе, «Қазақфильмнің» тіпті даму жоспары жоқ деп отыр. Сол кезде 20 жылдан кейін «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры» секілді классикалық туындылар жарыққа шығады деп айтты.



«Кино ғылыми тұрғыда зерттелу керек. Сарапталған кино ғана классикаға айналады. Біз басы бар, аяғы жоқ киноларды шығара бересіз. Биыл мына тұлғаның мерейтойы деп фильм түсіре саламыз. Оның арғы түбін зерттемейміз. Аудиторияны, қандай актер ойнауы тиіс деген сұрақтарға бас қатырмаймыз. Кім түсіре алады, мақсаты қандай ондай детальдардың бәріне көңіл бөлінуі керек. «Қазақфильмде» сондай бөлім құрылғаны жөн. Кино деген халықтың сұранысынан алда жүру керек. Қазір кино халықтың ішіне кіріп кетті. Тіпті, адасып қалды. «Қазақфильмге» хабарласып келесі жылы не түсіресіз деп сұрасаңыз білмейді. Даму жоспары жоқ», - дейді актер.


Айта кетейік, ол бұған дейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →