×

19 жылдан кейін жаңғырған «Азия дауысына» қатысты тағы дау шықты

Бишілер мен волонтерлер ұйымдастыру деңгейі төмен екенін айтып жатыр

19 жылдан кейін жаңғырған «Азия дауысына» қатысты тағы дау шықты
коллаж: Qaz365.kz

Алматыда «Медеу» биік тау мұз айдынында 19 жылдық үзілістен кейін «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалі қайта жаңғырды. Бірақ фестиваль басталмай жатып, қайта-қайта шу шығып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі өз қызметкерін ұрып, зағип қылған гитарист Бауыржан Әшіғалиевтің өнер көрсетпек болғанын айтып, дабыл қаққан еді. 

Бұдан үш жыл бұрын Бауыржан Әшіғалиев әйелін аяусыз соққыға жығып, көмейіне зақым келтірді деп айыпталған еді. Алайда медициналық сараптамадағы күн дұрыс көрсетілмегендіктен ақталып шыққан. Одан соң, Бауыржан Ашығаливтің жас жігітті соққыға жығып, көзін шығарып жібергені туралы ақпарат тарады. Үкім жарияланғаннан кейін ол қашып кетіп, іздеуде болған. 

Әйтеуір, ұйымдастырушылар шудан кейін Әшіғалиевты шығармайтын болып шешті.

Енді Стенли Туятов есімді биші ұйымдастыру деңгейі төмен екенін айтты.

«Биші ретінде айтайын, бір әріптесіміз құлап, жарақат алды. Картоп салынған қапты тастағандай, лақтыра салды. Дым құрмет жоқ. Тіпті, медицина маманын шақырмаған. Ешқандай жағдай жасалмаған», – дейді Стенли Туятов.

Оған пікір жазғандар да бұл жағдайды растап жатыр. Волонтерлерге де таңғы 11-ден кешкі 9-ға дым тамақ бермегенін айтқандар бар.

«Бишілерге неге осындай қарым-қатынас? Олар да артистер мен блогерлер секілді адам. Бұл құрметсіздіктің белгісі. Осыдан кейін ешкім жұмыс істегісі келмейді», – деген пікірлер жазылған. 

Айта кетейік, биыл фестиваль үш күн өтеді.  Кеше алғашқы күні ZAQ, Ерке Есмахан, RaiM, Мирас Жүгінісов, V $ XVPRiNCE, Орынхан, Молданазар және Ирина Қайратовна тобы өнер көрсетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ
23.04.2024ж. 14:11

Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ

Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ
Ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен сұхбат

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →