×

Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу

Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды
Видеодан скриншот

Түркістанда өтіп жатқан «Қазақ Анестезиологтар мен Реаниматологтар» қоғамының VII конгресіне тек анестезиология және реаниматолог мамандар ғана емес, сонымен қатар Қазақстан нарығына фармацевтикалық өнімдер мен медициналық жабдықтардың заманауи үлгілерімен ұсынатын компания өкілдері де келді. Солардың бірі –  астаналық Алуа Нұрқожа. Конгрес барысында ұйымдастырылған көрмеге қытайлық ірі компанияның заманауи медициналық құрылғыларын ала келген маманды Qaz365.kz тілшісі сөзге тартты.

– Бүгін біз осы Конгреске COMEN өндірушісінің өнімін ұсынамыз. Солардың бірі - анестезия беретін аппарат. Сондай-ақ қазіргі кезде ең әйгілі, ең беткеұстар науқас мониторы да бар. Қала берді, модульді мониторлар бар. Мұның бәрі - анестезиология мен реаниматология және неонатология саласына ауадай қажет жабдықтар. Сондай-ақ желдеткіш, дефебрилиятор, дозаторлар да бар. Бұлар болмаса, реанимацияда жатқан науқастардың ахуалын айтудың өзі қорқынышты. Себебі бұл аппараттар кейбірінің өмірін құтқарып, кейбірінің тынысын қалыпқа келтіріп, жаңа туған жас сәбилерден бастап, өздігінен дем ала алмай жатқан науқастарға тікелей көмектеседі. Мұны бүгін әкелуіміздің басты себебі – дәрігерлерге қазіргі медицинаға қажет құралдарды таныстыру.

Жалпы, Конгрестің мақсаты да сол – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу. Тек бұл ғана емес, жалпы, осындай басқосулар арқылы дәрігерлер өзара танысып, өзара ақпарат алмасып, мәселелерді ортаға салып, оның шешу жолдарын бірлесіп іздейді.

– Бұл жабдықтар қазір еліміздің ауруханаларында қолданыста бар ма, әлде енді келе ме?

– Иә, бұл аппаратуралар қазір елімізде бар. Бірақ дәл осы соңғы үлгілерінің келгеніне көп болған жоқ, соңғы екі жылда ғана біртіндеп ене бастады. Көбіне тек Алматы, Астана, т.б облыстың алдыңғы қатарлы және жекеменшік ауруханаларында ғана. Аймақтардағы кішігірім ауруханалар үшін мұндай жабдықтар қолжетімсіз. Дегенмен, қазір барлық мүмкіндік қарастырылған заман. Сондықтан өмірде бар медициналық техникаларды мамандарға таныстыру – біздің міндетіміз. Ал әрі қарай оны науқастарға жеткізу – кәсіби мамандардың еншісінде.

– Сұхбатыңызға рахмет!

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Құрбандық шалғанда оқылатын дұға
14.06.2024ж. 22:58

Құрбандық шалғанда оқылатын дұға

Негізінде, ғибадатта ниет ету – өте маңызды
Қазір базарда құрбандық шалу үшін мал іздеп жүрген халықтың қарасы қалың
Сондай-ақ ол Жоғарғы Кеңестің және Алматы қаласы мәслихатының депутаты болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →