×

Бүкіл қоғамнан кешірім сұраймын – Уәлихан Бишімбаевтың сұхбаты шықты

Бұл сотқа ресейлік медианың назары алабөтен

Бүкіл қоғамнан кешірім сұраймын – Уәлихан Бишімбаевтың сұхбаты шықты

Сотталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаевтың ресейлік блогер Наталья Грейске берген сұхбаты жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен бүкіл қоғамнан кешірім сұраймын. Рақымды болуды сұраймын. Әділетті үкімді сұраймын. Сот әділетті болар деп сенем. Жаратқаннан ұлыма рақым нұрын төгер деп сұраймын», - дейді сотталуышының әкесі. 

Сұхбатта Уәлихан Бишімбаев Салтанат тірі кезінде «неге екеуің жанжалдаса бересіңдер, мен сені Павлодарға апарып тастайын» деген кезде Салтанат «менде үй, көлік, мейрамхана бар, қамтамасыз ететін күйеуім бар, мен не қылам. Ал Павлодарға барсам ешкіммін» деп айтқанын жеткізеді.

«Ағасы екеуінің өміріне араласқаны көзге ұрып тұратын. Бір кездері үйлерін быт-шыт қылып, балаларға тап беріп, істемегенді істеді. Салтанат менімен сөйлескен кезде ағасы ылғи геолокациямен бақылап отыратынын айтқан», - дейді әкесі.

Еске сала кетейік, өткен аптада Бишімбаевтың сотында ресейлік блогер Наталья Грейс пайда болып, бұл Қазақстанда БАҚ өкілдерінің түсініспеушілігін туғызған еді. Оның алдында сотқа ресейлік журналист Ксения Собчак келіп кеткен. Бұл сотқа ресейлік медианың назары алабөтен. Ал ертең осы іс бойынша жарыссөз басталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Антикор: Жемқорлық бойынша қай сала бірінші орында тұр
Бүгін, 17:00

Антикор: Жемқорлық бойынша қай сала бірінші орында тұр

Жемқорлық жайлаған салада барлық процесс цифрландырылатын болады
Түз тағысы сүтқоректілер санатына жатады
6 қазан күні шаһар тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүреді
Сәбилердің салмағы 2500-2700 грамм аралығында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →