×

Алматыдағы автобус апаты: айыпталушы сотта кешірім сұрады

Ол судьядан бұрын сотты болмағанын ескеруді өтінді

Алматыдағы автобус апаты: айыпталушы сотта кешірім сұрады
Фото: Jogargy_sot

Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобус апатына қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бүгін айыпталушының сөз берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның сөзінше, оны мұндай әрекетке жүргізуші арандатқан, соның салдарынан жол-көлік оқиғасы болған.

«Жүргізуші мені барлық адамның көзінше балағаттап, мені көліктен шығармай қойды. Бұл - арандату. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша өз кінәмді мойындаймын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 351-бабы 3-бөлігі бойынша өз кінәмді мойындамаймын, өйткені Шокебаева есінен танып қалған жоқ. Оның автобусты тоқтатуға мүмкіндігі болды», – деді айыпталушы Дархан Ахметжанов.

Ол судьядан бұрын сотты болмағанын ескеруді өтінді. Дархан Ахметжановтың айтуынша, ол нанын адал еңбекпен тапқан қарапайым құрылысшы.

«Соттан кәмелетке толмаған үш балам бар екенін және бұл менің бірінші рет құқық бұзуым екенін ескеруін сұраймын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша бас бостандығынан айырусыз жаза тағайындауды сұраймын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 351-бабы 3-бөлігі бойынша мені ақтауыңызды сұраймын. Барлық зардап шеккендерден шын жүректен кешірім сұраймын», - деді Ахметжанов.

Судья айыпталушыға үкім бүгін, 26 сәуірде сағат 16.30-да жарияланатынын хабарлады.

Еске салайық, Алматыда автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кеткен еді. Салдарынан 3 адам мерт болды. Кейіннен оқиға болған сәтте жүргізушіні жолаушы ұрып талдырып тасталғаны айтылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Анасы қалаға кетіп қалған»: Жітіқарада өрттен өлім құшқан бес баланың ісі жайлы тың дерек айтылды
Бүгін, 14:17

«Анасы қалаға кетіп қалған»: Жітіқарада өрттен өлім құшқан бес баланың ісі жайлы тың дерек айтылды

Үйге 1995 жылғы азамат келіп, кешкі сағат тоғызда үйдің пешін жағып кетіп қалған
Қазір қыздың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр
Видеоға Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →