×

Абай Құнанбайұлы қолданған самаурын Ұлттық музей қорына тапсырылды

Қазір Ұлттық музей қорында Абай Құнанбайұлына қатысты 42 жәдігер бар

Абай Құнанбайұлы қолданған самаурын Ұлттық музей қорына тапсырылды
Мәдениет және спорт министрлігі

Абай күнін мерекелеуге орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұлы ақын пайдаланған шағын Тула самаурынын Ұлттық қорға тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

1893 жылы жасалған, тарихи құндылығы жоғары жәдігер Абай атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының атынан ұсынылды. Бұл - Абай Құнанбайұлы бастаған қазақ зиялылары шай ішкен Семейдегі меценат Бекбай Байысовтың қонақүйінің самаурыны.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев Абайдың қазақ мәдениеті мен руханиятына сіңірген еңбегін атап өтіп, қазақтың бас ақынына айналған ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы әлі толық зерттелмегеніне тоқталды.

Қазір Ұлттық музей қорында Абай Құнанбайұлына қатысты 42 жәдігер бар. Оның ішінде ақынның өзі пайдаланған құты, көзі тірісінде жарық көрген кітаптары, тағы басқалары бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →