×

Рүстем Қайыртайұлы: Айтыс – шындық айтатын жер емес

Оның айтуынша, айтыстың міндеті өзгерген

Рүстем Қайыртайұлы: Айтыс – шындық айтатын жер емес
alashainasy.kz

«Assyltas» арнасындағы подкастқа қонаққа келген айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы қазіргі айтыстың міндеті өзгергенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Айтыста айтылған мәселе шешімін табу бұрын болған шығар.  Айтыстың ежелгі философиясы – мәселені айту болатын. Қазір жағдай өзгерді. Проблема көтеру – айтыстың саясатына кірмейді. Осы күні желіде ақиқат айтқыштар көбейген. Айтыс –  қазір өнер ретінде ғана өмір сүру керек. Айтыспен қоғамдық мәселені айтып, үкіметтің құлағына жеткіземін деген өтрік. Қазір елдегі проблемаларды жеткізетіндер көп. Жазушы, блогер, басқасы бар. Айтыс – дәл солай проблема айту құралы ғана болса, қоғамға керегі жоқ», - дейді Рүстем  Қайыртайұлы.

Оның айтуынша, айтыс – шындық айтатын жер емес. Ақиқатты кестелеп, астарлап айту қажет деп санайды.

«Айтыспен қоғамды өзгертемін, шындық айтамын деген өтрік нәрсе. Өйткені – ол айтыстың қазіргі форматына келмейді. Мысалы, қазір Жапонияда ұлттық биін қажет етпейді. Жастар қызықпаған соң, роботқа үйретіп қойған.  Ең болмаса, солай сақтап қалуға тырысады. Себебі, бұл би Жапонияның бренді. Айтыс та – қазақтың қазақ екенін дәлелдейтін өнері. Сондықтан мәселе шешетін алаң ретінде емес, өнер ретінде қарасақ», - дейді ақын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Өмір ағашы мен жұлдызды аспан: Астанада жаңа демалыс орны пайда болды
Кеше, 13:03

Өмір ағашы мен жұлдызды аспан: Астанада жаңа демалыс орны пайда болды

Елордағы көрікті жер Тәуелсіздік даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысында, Есіл өзенінің бойында орналасқан
Шараға Түркменстанға ресми сапармен барған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты
Филм өзге кинофестивальдерде бірнеше марапат алып үлгерген
Шараға суретшінің қызы мен немересі қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →